"Болашақта бір момын жігіттің сорын қайнатқалы тұрғанына дауым жоқ"

Берік Жанатханұлы

  • 10.08.2021

Естеріңізде болса, Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, әнші Сәкен Майғазиев азаматтық белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген болатын.

Әнші белсендіні «ар-намысыма тиіп, қорлады» деп айыптаған болатын. Кейін инстаграм парашшасында Сәкен Майғазиев антикор келіп тексергенін, ешқандай айып тақпағанын айтып, Аружан Дүйсенбаеваны кешіргенін мәлімдеген.

Сәкен Майғазиевтің осы мәлімдемесін композитор Қалдыбек Құрманәлі «СӘКЕННІҢ САБЫРЛЫҒЫ...» деп бағалапты. Фейсбуктегі парақшасында Қалдыбек Құрманәлі: «Кеше әлеуметтік желіден, танымал әнші Сәкен Майғазиевтың видеоүндеуін көріп шықтым. Екі, бәлкім үш рет қарап шыққан болармын. Менің таңғалғаным, Сәкеннің сабырлығы.

Әлгі бір қыздың, (егер мәдениетті қыз болса) бас жоқ, көз жоқ дәлелсіз қаралап жатқан, ызалы, бетпақтыққа беріліп айқан сөзіне асықпай, саспай жауап беруі, Майғазиевтың ішкі мәдениетінің мықтылығын байқатты.

Қазақ өнерінде көркем мінезді ерекше жан болса, осы Сәкен Майғазиевтай-ақ болар.

Айналайын, қалқамнан басқа, артық сөз айтпаған Сәкен бауырыма разы болдым.

Мәдениеттілік дегеніміз осы, ағайын.

Мен, осы жерде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, дәлелсіз, дәйексіз көкбеттікке салынып жатқан әлгі қызды аядым.

Аядым да, мүсіркедім.

Неткен, жиіркенішті.

Ертең ол да, бір үйдің келіні болады-ау?...

Мүмкін, мына мінезімен, болары болып, бояуы сіңіп, қайтып келіп қойған да шығар-ау?...

Егер күйеуге шықпаған жан болса, онда болашақта бір момын жігіттің сорын қайнатқалы тұрғанына дауым жоқ.

Мен, Сәкен Майғазиевтың адвокаты емеспін.

Оның- әншілігін ерекше бағалайтын, өнердегі ағасымын.

Расында, Сәкен Майғазиевтың қазіргі басшылық жасап отырған мекемесінен шикіліктер шығып жатқан болса, оны тексеретін арнайы мемлекеттік органдардың бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Мен де, кезінде осы- Түркістан сарайын басқарған болатынмын.

Тексеру жүргізетін мекемелерге сенің танымалдығыңның құны, көк тиын.

Қателестің бе, аямайды...

Осы жерде әлгі қыздың, не үшін, кім үшін шыр-пыр болып жатқанына түсінбей отырмын?!...

Мәдениет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған профессорға, журналист былай деп сұрақ қойыпты.

- Сіз мәдениеттің биік шыңына шығып, лауреат атандыңыз.

Айтыңызшы, жалпы мәдениеттілікті кімнен үйрендіңіз-деген екен.

Сонда, әлгі ғұлама профессор, сабырлы түрде, мәдениетсіз адамдардан үйрендім-деген екен.

Сәкен інім, сен де мәдениетсіздік танытып отырған әлгі қызға, мәдениетті түрде жауап бердің.

Аққа Құдай жақ, тек алға, Сәкен бауырым!...

Сені түсінетін, бағалайтын, Қазағың бар!..» деп жазды.

 Ал Аружан Дүйсебаев: "Майғазиевтің мені сотқа беруі - саяси тапсырыс" деген болатын.

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.