Бірінші қыркүйекке дейін вакцина алмаса, айыппұл төлетеді

Міндетті вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Вакцинаның екінші компонентін барлық қызметкерлер 1 қыркүйекке дейін алып үлгеруі керек. 

Айшолпан КЕРІМ

  • 10.08.2021

Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін алу уақыты аяқталуға жақын. Елдегі барлық қызметкерлер екпенің екінші компонентін қыркүйекке дейін салдырып үлгермесе, жұмысқа кіргізілмей, ал жұмыс берушіге айыппұл салынуы мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 5 807 646, ал екіншісін 4 445 534 адам салдырған. 

Бас санитар дәрігердің алғашқы қаулысына сәйкес, кейбір ұйымдардың жұмыс берушілері вакцинацияны шілденің 15-не дейін өткізуі керек болған. Кейін бұл талап өзгеріп, вакцинация уақыты тамыздың 10-на дейін созылды.

Құжатқа сәйкес, төмендегі мекемелердің жұмыскерлері медициналық анықтама бойынша вакцина салдыра алмайтын болса, жеті күн сайын ПТР тест тапсырып отыруы керек.

- Қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу,ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
- мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени- демалыс ұйымдары);
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит- фудтардың;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
- дәріхана ұйымдарының;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
- демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
- байланыс және телекоммуникация объектілерінің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлері. 

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз

Байланысты жаналықтар

Жетісу облысында 7 мыңнан астам балаға полиомиелитке қарсы вакцина егілмеген

27.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

05.03.2024

Кунсулу Закария вошла в топ женщин ученых мира по разработке вакцин

06.02.2024

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022
MalimBlocks
Жетісу облысында 7 мыңнан астам балаға полиомиелитке қарсы вакцина егілмеген

Жауапты тұлғалардың салғырттығынан қажетті вакцина уақтылы сатып алынбаған.

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

Арасында қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы екпелер болған.

Кунсулу Закария вошла в топ женщин ученых мира по разработке вакцин

Глобальная инициатива International Woman`s Day (IWD) назвала самых выдающихся женщин - создателей вакцин. Казахстанская ученая Кунсулу Закария, соруководитель научно-технической программы «Разработка вакцины против коронавирусной инфекции COVID-19», вошла в мировой рейтинг женщин, внесших наибольший вклад в развитие вакцинации.

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр