"Үнді" шамынан сақтану жолы – вакцина салдыру

Malim Админ

  • 30.07.2021

И. Жекенов атындағы ҚКЖАА-ның аға дәрігері Абзал Малбасқанов "дельта" штамынан сақтанудың жолдарын айтып берді. Дәрігердің айтуынша, көп адам жүретін қоғамдық орындарға бармай, түрлі алыпқашпа әңгімеге сенбей, вакцина салдырған дұрыс.

"Бізде әртүрлі вакцина бар. Инактивті вакцинадан бастап гендік-инженерлік технология жасап шығарған вакцинаға дейін бар. Таңдау көп. Вакцинаны неғұрлым көп адам салып, ұжымдық иммунитет қалыптасса, соғұрлым тезірек қалыпты өмірге ораламыз", - деді Абзал Малбасқанов.

Дәрігер "дельта" штамын вирустың басқа варианттарынан әлдеқайда қауіпті, тез жұғатынын айтты. "Үнді" штамы 10-12 адамға дейін жұғады, бұрынғы штамдар 5-6 адамға жұғатын. Инкубациялық кезең де қысқарды. Бұған дейінгі вирус штамдарда ол 14 күн болса, қазір айналымда жүрген "үнді" штамында ол 5-6 күн.

Абал Малбасқанов "дельта" штамына байланысты емдеу хаттамасы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

"Бізде әсері дәлелденген, түбегейлі зерттелген бір емдеу хаттамасы бар. Бірақ "үнді" штамының ерекшеліктерін ескере отырып, біз хаттамаға өзгерістер енгізуіміз мүмкін", - деді Абзал Малбасқанов.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks