Биыл да астық экспорттаймыз

Malim Админ

  • 18.08.2021

Қазақстанда биылғы астық өндірісінің көлемі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығаруға да жетеді екен. Бұл туралы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мал азығымен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселесі қаралған отырыста ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты.
«Өткен жылдан қалғанды қоса есептегенде, биыл жиналатын астық көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ астықтың белгілі бір көлемін экспортқа шығаруға да жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, соның арқасында астық жеткізуге 769,5 мың тонна көлемінде келісімшарт жасалды, резервтік қор 448 мың тоннаны құрайды. Бұл астық көлемі қажет болған жағдайда тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады», - дейді ол.
Жалпы, егін жинау науқаны жайлы берілген ақпараттарға назар салсақ, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн гектарды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 322 мың гектарға көп. Демек, пандемия жағдайында да Қазақстанның астық шаруашылығы өсімін тоқтатпаған. Тарқатып айтсақ, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 15,9 миллион гектар жерге, оның ішінде бидай – 12,9 миллион гектарға егілген; майлы дақылдар – 3,1 миллион гектар; көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 473,8 мың гектар; мақта – 109,7 мың гектар; қант қызылшасы – 21,7 мың гектар; жем-шөп дақылдары - 3,2 миллион гектар жерге егіліпті.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің сөзіне қарағанда биылғы жылы астықты экспортқа шығарудың пайдасы басқа жылдағыдан гөрі әлдеқайды артық болатын сияқты. Өйткені, биылғы қуаңшылық салдарынан егістік алқаптарының жағдайы бәршама нашарлаған. Бұл тек Қазақстанда ғана болып отырған жағдай емес, бұл үрдіс әлемнің көптеген астық көп егетін мемлекеттерінде кездескен. 
«Канадада өткен жылмен салыстырғанда бидайдың жалпы түсімі 31,6%-ға төмендейді деп күтілуде. Америка Құрама Штаттарында бидай түсімі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға төмендейді деп болжануда. Сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясында бидайдың жалпы түсімі 15%ға төмендейді деп болжануда», - дейді бұл туралы ведомство басшысы. 
Ал, Қазақстанның көрсеткіші қандай? «Егіс науқаны оңтайлы мерзімде жүргізілді және сапалы тұқымдар егілді. Фермерлер уақытында тыңайтқыш сеуіп, арамшөп пен түрлі өсімдік ауруларына қарсы егіс алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгенін айта кету керек», деп, риза кейіптте сөйлеген уақытша министр биылғы егін сапасы мен түсім көрсеткішіне қандай баға береді? Оның айтуынша, құрғақшылықтың салдарын зерттеу үшін арнайы жұмыс топтары құрылған. Бұл арнайы жұмыс топтары астықты аймақтарды түгел аралап шыққан. 12-тамызда шығарылған деректерге сәйкес:
- Жақсы және қанағаттанарлық – 13 241,1 мың га немесе дәнді дақылдардың жалпы егіс алаңының 85,2%-ы;
- Нашар – 2 122,3 мың га немесе 13,7%;
- Жарамсыз – 178,3 мың га немесе 1,1%-ды құрап отыр. 
Ал, түсім көлеміне келсек, биыл 15,3 млн тонна астық аламыз деп болжауға болады. Бұл министрлікке облыс әкімдерінің берген есебіне сәйкес жүргізіліп отырған көрсеткіш. Ал, еліміз бойынша өткен жылдан қалған 3,5 миллион тонна астық бар, оның 2,8 миллионы бидай екенін айта кету керек. 
         Қазір жаздық бидайдың піскен кезі. Қазір жалпы егістік алқапты 9,9 пайызына орақ салынып, астығы жиналып алынған. Яғни, республика бойынша барлығы 1,5 миллион гектарға жуық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда осы уақыттағы цифрлармен ұқсас көрсеткіш. Бірақ, биылғы түсімділік 10,0 центнерді құрап отыр, яғни, 1,5 миллион тонна астық бастырылды. Бірақ, бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. Мәселен, былтыр әр гектардан 14,9 центнер болған. Орташа есеппен алғанда. Биылғы көрсеткіштң төмен болуының себебі де түсінікті – құрғақшылықтың салдары. 
Тамыздың үшінші он күндігі негізінен астық егумен айналысатын аймақтар үшін егін жинауға кірісетін кезең. Министрдің міндетін атқарушы бұл науқанға сақадай саймыз дейді. 
«Егін жинау науқанын іске асыруға республикадағы 141,7 мың трактор, 73,5 мың трактор тіркемесі, 36,9 мың астық жинайтын комбайн, 12,8 мың орақ жұмылдырылады. Егін жинау науқыны үздіксіз жүру үшін фермерлер жөндеу бригадаларын ұйымдастырды, 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын мұнай өңдеу зауытына бекіту кестесі жасалды. Шілде айына бөлінген отын аймақтарға толық жеткізілді. Қазіргі уақытта тамыз айына арналған дизель отыны жөнелтілуде. Қазір бірінші кезектегі міндет – биылғы өнімді шашау шығармай шығынсыз жинап алу. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, күзде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты деңгейде болады. Ал, солтүстік-шығыста нормадан артық жауады, деп күтілуде. Осыған байланысты, әрбір жақсы күнді барынша тиімді пайдалану керек. Егін жинау техникасының екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру қажет. Жұмыстың тоқтап қалуына жол бермеген абзал. Осының бәрін ескере келе, өнімділікті арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет», - дейді ведомство басшысы.
Ербол Қарашөкеев айтқан тағы бір мәселе – астық сақтау орындарына қатысты мониторинг. Оның сөзіне қарағанда, атқарылған жұмыстар мен жүргізілген дайындықтардың нәтижесінде астық сақтау орындарында жетіспеушілік болмады. 

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

28.03.2024

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

12.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024
MalimBlocks
Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

Казахстан и Узбекистан увеличивают сроки пребывания своих граждан на территории своих государств без регистрации с 5 до 30 дней. При этом временная регистрация не понадобится. Соответствующее соглашение с Узбекистаном ратифицировали депутаты сената в четверг, 28 марта.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

Қазы бағасы 4,8%, жая 2,5%-ға өскен.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді