Түркиядағы өртті сөндіруге аттанған құтқарушылар елге оралды

Malim Админ

  • 25.08.2021

Әлемдік экология күн өткен сайын маңызды мәселеге айналып келе жатқаны  мәлім. Бір жерде өрт шықса, оның түтіні бүкіл аспанға тарайтыны тағы белгілі. Осыны ескерсек, Түркияда шыққан алапат орман өртінің де жаһандық экологияға әсері болмай қалмайтыны түсінікті. Демек, басқа – басқа, дәл дала өрттері мен орман өрттері кезінде оның қай елде болғанына қарамастан, бүкіл әлем бірігіп күресуге мүдделі болуға тиіс. Бұның тек қана экология үшін ғана емес, қағамдық, әлеуметтік, экономикалық салдары да аз болмауы мүмкін. Сол себепті, барлық елмен бейбітшілікте қарым-қатынас жасауды, төтенше жағдайлар кезінде арнайы отряд жіберіп, қол көмегін жасауды міндеті санайтын Қазақстан бұл жолы да қарап қалған жоқ. Түркияға арнайы құтқарушылар отрядын жіберіп, өртті ауыздықтауға үлес қосты.

Түркияға кеткен Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өздеріне берілген міндетті толықтай орындап, елге оралды. Астана әуежайына келіп қонған қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақты төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффетс,"Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлері және құтқарушылардың туған-туысқандары күтіп алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.   

Түркия мемлекетінде 8 тәулік бойы бел жазбай жұмыс істеген құтқарушылар Даламан қаласының маңындағы өртті сөндіруге ат салысқан.

ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді. Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген», - делінген ведомство таратқан мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін 16 құтқарушы мен Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ маркалы екі тікұшақ аттанған. Бұл миссия кезінде Қазақстаннан бөлек Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Австрия, АҚШ, Беларусь, Иран, Испания және Швейцария сияқты мемлекеттерінен де арнайы экипаждар қатысқан. Бірлескен операция нәтижесінде Даламан қаласының маңындағы өрттер толығымен жойылғаны хабарланған бұған дейін. Ал, Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар тобының жұмысын Түркиядағы Қазақстанның елшілігі ұйымдастырып отырған.

Жалпы Қазақстанның сырт елдерге көмек ретінде арнайы көмек жіберуі тек осы жолы ғана емес. Бұған дейін қиын жағдайда қалған елдерге тұрақты түрде гуманитарлық көмектер жіберіп келе жатқанын есептемегенде, тіпті, соғыс болып эатқан елдерге бітімгершілік миссиясы бойынша да арнайы жасақ жіберіп, олар әлем бойынша өзіне алған миссиясы мен міндетін абыроймен атқарып келген. Басқа – басқа, Түркия Қазақстан үшін саяси да, стратегиялық та, әскери жағынан да, сауда-саттық бағытында да ерекше әріптес ел. Басқасын айтпағанда, Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында Советтер Одағынан шығып, Тәуелсіздігін жариялағанда ең алғашқы болып, екі сағат өтпей жатып мойындаған ел. Қазір де Қазақстанды атажұрт, атамекен, түркілердің түп мекені деп білетін түріктер мен қазақтар арасында алыс-беріс пен барыс-келіс жылдан жылға дамып келеді. Демек, Қазақстанның Түркияға арнайы отряд жіберіп, бауырлас ел қиындыққа ұшырағанда қол ұшын созып, орман өртін сөндіруге ат салысуы татулық пен бейбітшілікті негізгі бағыт еткен Қазақстан үшін әлем алдындағы беделін асыра түседі деп есептеуге болады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.