Дала өртінің алдын алған ТЖД қызметкерлері марапатталды

Malim Админ

  • 13.08.2021

Құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді бейбіт заманның батырлары деп айтуға толық негіз бар. Әдетте, сырттай білінбегенмен, осы мамандық иелерімен сөйлесіп, олардың төтенше жағдай кезіндегі әрекеттері мен міндеттері жайлы сұрасаңыз, олардың өмірі қашан да қауіп-қатерде болатынын түсінесіз. Бұған дейін қаншама құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қиын жағдайда, өміріне қауіп төнген азаматтарды құтқару үшін басын бәйгеге тігіп, ерлік жасаған қаншама батыр бар. Тіпті, міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылар да қаншама. Күндіз демей, түн демей, «тревога» дегенде атып тұрып, қауіпті ошаққа аттанып кете беретін бұл мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсе де артық емес.

Бұл қатарға әскери қызметшілерді де қоса кету керек. Әскери қызметшілерді отанның тыныштығын сақтаушы сарбаздар деп қана емес, қиын сәт туғанда кез келген салаға қол ұшын созатын оқтаулы ақ мылтық деуге болады. Әлдебір жерде төтенше жағдай жарияланса, тұрғындарды эвокуациялау үшін алдымен атқа қонатын да осы әскери қызметкерлер. Дала өрті шығып, оны ауыздықтау қиын болып бара жатса да бір жағына шығысып, әп сәтте өрт сөндірушіге айналып шыға келетін де солар. Тасқын болса да, сел жүрсе де әскерилерімізді қатерлі аймақтан жиі көріп қаламыз.

Осындай бір жағдайға байланысты еңбек сіңіріп, жағдайды тұрақтандыруға үлес қосқан өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы марапатталды. Мемлекеттік награда алған өрт сөндірушілер мен әскери қызметкерлер – Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері. Олар шілде айының басында Қарағанды облысындағы дала өрттерінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алып, дер кезінде өртті ауыздықтаған. Осы ерліктері үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы құрмет грамоталары мен «Ерлігі үшін» медалін табыс етті. Бұл туралы тиісті ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке "Ерлігі үшін" медальдарын, сондай – ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке құрмет грамоталарын табыстады. Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге қатысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуын болдырмады. Барлығы ат салыса келе ортақ күш-жігермен 40500 гектардан астам дала өрттері жойылды. Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты», - делінген министрлік өкілі таратқан хабарламада.

Әр күні қауіп-қатерге толы болуы, тіпті, соңғы күні болуы мүмкін деп есептелетін ең қауіпті мамандық иелеріне мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да қандай құрмет көрсетсе де артық емес дегеніміздің мәні сол.

Бұл көп жағдайда қаһарманды тарих қойнауынан, кітап беттерінен, әдеби шығармалардан ғана іздеп жүретін, бүгінгі күнні көп қадірін ұғына бермейтін біз үшін, қазіргі өскелең ұрпақ үшін де үлгі болуға тиіс мәселе. Ерліктер тек қан майданда сыналмайды, өзі батыр адам, елін сүйген жүрек қандай уақытта да, қандай дәуірде де елі үшін, жері үшін, туған топырағының тыныштығы үшін жанын шүперекке түйіп, барын салып, еңбек етуге әзір тұрады. Мұндай елдің ішінде жүрген ерлерді үлгі тұту – ең алдымен қоғамдағы оң көзқарастардың қалыптасуының бір көрсеткішіне айналуға тиіс. «Мамандықтың бәрі жақсы» деген сөз бар, бірақ, көп жағдайда ерлікпен өрілетін мұндай мамандықтар  қасиетті, қастерлі саналатын да кездер болады. Демек, елдің алдындағы борышын адал атқарып жүрген құтқарушылар мен бейбіт замандағы сырттағы елге сес, іштегі елге демеу болып жүрген әскери қызметкерлерімізді марапаттау – бейбітшілікті бағалаудың ең үлкен көрінісі деуге болады.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады