«Эльбрус шеңберінде» екінші келе жатырмыз

  • 23.08.2021

Әр түрлі мемлекеттер арасында әскерилердің сайысы өтіп жатқанын көргенде «Бомбаның орнын тегістеген, күректер музейге қойылсын» деген керемет өлең жолдары еске түседі. Бұл бейбітшіліктің символы ғой. Яғни, күректер музейде тұрады, ал, әскерилер бір біріне оқ атпайды, жай ғана бір бірімен шеберлік сынасады. Берілген тапсырманы жеріне жеткізе орындап шыққан команда жеңіске жетеді.

Осындай дәстүрлі сайыстардың бірі дәстүрлі «Эльбрус шеңбері» конкурсы екені белгілі. Қазіргі уақытта алғашқы екі арнайы тапсырма орындалған. Алда әлі талай тапсырма бар. Қазіргі кезеңде Қазақстанның әскери қызметшілері бірнеше ел қатысып жатқан конкурста екінші орында тұр. Ал, көш бастап тұрған команда -  Ресейдің әскерилері. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жарысқа тоғыз елден келген командалар қатысады. Олар – Абхазия, Армения, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия. Халықаралық конкурста ел намысын Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Таудағы даярлық орталығының әскери альпинистері қорғайды. Жарыс Кабардин-Балқардағы (РФ) «Терскол» таудағы полигонында өтуде», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Жалпы, бұл сайыс үш кезеңнен тұрады. Оның алғашқысында қатысушылар жасанды тау бедеріне шабуыл жасап, таулы жерде бағдарлауды пысықтайды. Бұл тапсырма артта қалды. Енді осы кезеңнің тағы үш тапсырмасы бар.  Бірінші кезеңнің шеңберінде атқарылатын тапсырмалар бойынша Қазақстанның әлі де көш бастауға мүмкіндігі бар екенін ұмытпауға тиіспіз.

Негізінен үш кезеңнің ең күрделісі әрі қиыны, тіпті, айталық, шешуші кезеңі – екінші кезең деуге болады. Мұндағы ең бір қиын тапсырманың бірі әскери қызметшілер биік тау жағдайында марш жасауға тиіс. Ойлы қырлы жерде көркем жүріс жасап, оқтай түзу сап құрып жүріп өту оңай болмайтыны анық. Дегенмен, бұл жағынан да өз әскерилерімізге сенім артуға болады.

Жарыстың соңына қарай әр елден келген қатысушы әскери қызметшілер Эльбрус шыңын бағындырады. Әскери қызметшілер арасындағы конкурстың атауының өзі неге «Эльбрус шеңбері» екенін осы үшінші кезеңде түсінуге болады. Бұл былайша айтқанда символикалық кезең. Конкурстың атауына арқау болып отырған бұл шыңның биіктігі  5 642 метр екенін де айта кету керек. Демек, арнайы жасақтар бұл тапсырманы орындау үшін аз жаттығу жасамағаны, аз тер төкпегені анық. Енді сол төккен тер мен еткен еңбектің жемісін көретін уақыт та таяу. Қазақстандық әскери қызметшілерге сәттілік тілейміз

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады