Мас күйде көлік жүргізу - қылмыс

Жанар Қожанова

  • 05.08.2021

Ішімдік ішіп алып, заң бұзатындарға, оның ішінде көлік айдайтындарға қатаң жаза қарастырылған. Өткен жылы еліміз бойынша жол сақшылары мас күйінде көлік жүргізген жиырма алты мыңнан астам жүргізушіні ұстапты. Бұл ресми дерек. Ал ұсталмай сытылған, я бармақ басты көз қыстымен құтылып кеткен адамдар қаншама. Сол қу араққа тойып алып, көік айдаған жүргізушілердің кінәсінен төр жүз тоқсан бес жол апаты болған, тоқсан сегіз адам қара жолдың бойында ажал тапса, жеті жүз он алты жолаушының денсаулығына зақым келіп, ауруханаға түскен. Оның сыртында қаншама техника ойран болды. Қаншалған отбасы зар еңіреп қалды. Кім психологиялық ауытқуға ұшырады, кім мүгедек болып қалды оны есептеп жатқан ешкім жоқ. Осыны ңбәрін ойлағанда арақ ішіп, рульге отырған адамды түсіну былай тұрсын, кешірің де келмейтін кез болады.

Осындай адам жаны түрлігерлік жол апатына кінәлі жүргізушілердің жеңіл жазамен құтылып, заңды айналып кетіп жатқан жағдайлары қоғамның наразылығын қоздырып, азаматтардың шамына тиіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын ғана мемлекет басшысы мас күде көлік айдайтындарға қатысты заң жобасына қол қойған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” туралы заңға сәйкес, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде жүргізген азаматтарға заң қатал болуы тиіс еді. Қатал болып-ақ жатқан шығар. Бірақ әлі де көлік жүрізу құқығынан айырылса да, көлік айдап, апатқа себеп боп жатқандар аз емес.

Мас күйінде көлік айдаған азаматтарға қатысты жаза қалай болатынын тағы бір еске сала кетейік. Сол кездегі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша (Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы), өзгеріс енгізілгенге дейінгі жол жүру ережелеріне сәйкес, мас күйінде ұсталған жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан екі жылға айырады, қырық күнге дейін қамауға алса, жаңа норма бойынша, мұндай заң бұзушыларға жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, 7 жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады. Құқық бұзушылық қайталанса, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру 8 жылға дейін ұзартылмақ.

Азаматтардың денсаулығына нұқсан келтірген жол-көлік оқиғасына себепші болған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 3 жылға дейін бас бостандығынан және 10 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Он жылға бас бостандығынан айыру – жол апаты салдарынан адам өлімі орын алған жағдайда тағайындалатын ең ауыр жаза. Бұндай кезде кінәлі 7-10 жылға дейін бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады.

Егер азамат өз жүргізу куәлігінен айырылса да, мас күйінде көліктің рөліне отырса, онда оған бірден әкімшілік жаза ғана емес, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты қылмыстық жаза қолданылады екен. Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы да осы жерде қарастырылған болып шықты.

Тікелей Қасым-Жомарт Кемелұлының бұйрығымен осындай заң шықса да, әлі де осыған мойынсынға қоймаған азаматтарымыз баршылық екен. Павлодар облысы Ертіс ауданының тұрғыны тракторды мас күйде жүргізген. Азаматтардың мас күйінде көлік жүргізу туралы заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан, полиция қызметкерлері күн сайын көлікті мас күйінде басқару фактілерін анықтап жатыр. Онымен қоймай, полиция қызметкерлері басқару құқығынан бұрын айырылған мас жүргізушілерді де көптеп ұстап жатыр. Күнделікті ақпарат ағынына қарап отырсаңыз, бұндай жаңалықтарды аз кездестірмейтін едіңіз.

– 2021 жылы 31 шілдеде Ертіс ауданының полицейлері 59 жастағы ер адамның басқаруымен МТЗ-82 тракторын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Жүргізуші куәландырылды, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ер адам мас күйінде болған. Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.  Іс сотқа жетіп, онда сот қаулысымен трактор жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып отыр. Оған қоса, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мас күйінде көлік айдаған тағы бар жайғдай тіркелген. Көлік айдауға құқығы жоқ 30 жастағы ер адам мас күйінде BMW 520i маркалы автокөлікті айдаған. Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жүргізушіні рейдтік іс-шара өткізу кезінде ұстады. Ертіс аудандық сотының қаулысымен ер адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің 608-бабының 6-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиырма тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылып отыр. Бұндай адамдарға жазаны аямай қолдану керек. Айыппұлды да аямай салу керек. Сонда ғана тыйылады. Әсіресе ауылдық жерлерде, аймақтарда осындай оқиға көптеп тіркеліп жатыр. Оның себебі не екенін кім білсін. Біздің ішіміз мынаны айтады. Ауылдық жерде полиция аз. Ол не туысы, не танысы. Пара беріп құтылып, шығамын деп ойлайды. Бұндайға полиция қызметкерлері ендігі жол бермейді деп сенгіміз келеді.
Жалпы Павлодар облысында ішімдік ішу деңгейі жоғары. Осыған дейін қала көшелерінде спирттік ішімдік ішкен бес мыңнан астам павлодарлық жауапқа тартылған. Қоғамдық жерде мас болу – қоғамдық тәртіпті бұзу. Тәртіп бәріне ортақ. Жоғарыда айтқанымыздай, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың дені алкогольдік ішімдіктің салдарынан орын алып жатады.

– 2021 жылы Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас күйде болған 5 400 адам ұсталды. 1 тамызда “102” нөміріне Павлодар қаласының тұрғыны қоңырау шалып, подъездің жанында жастардың спирттік ішімдік ішіп отырғандарына шағымданған. Аталған жерге келген полицейлерден жастар қашпақ болған, алайда олар қызметкерлерден қашып құтыла алмады, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров. Қашып құтыла алмаған тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері Ертіс өзенінің жағасынан да анықтаған. Жағалау адамдардың демалатын орны. Онда біреу біреуге зиянын тигізбеуі керек. Сол себепті полиция қызметкерлері олардың бәрін Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің 440-бабы бойынша жауапқа тартып, хаттама толтырған.

Алкогольді ішімдік – адам өмірне, қоғамға зиян. Біреулер демалу үшін ішетін болса керек. Егер кейін оның зардабын тартып, денсаулығыңа зиян болса, ондай демалыстың керегі не? Ең бастысы, айналаңа қауіп төндіріп, біреудің өміріне, денсаулығына зияның тиер болса, ең ауыры сол емес пе? Сондықтан Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодекс қатаң сақтап, тәртіпті азамат боп жүргенге жетпейді.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады