Ғылымды қаржыландыру артты. Бұл ғалымдарға қалай әсер етті?

Malim Админ

  • 25.08.2021

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жылдан-жылға артып жатыр. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің бір пайызына жетеді. Ғылымға бөлініп жатқан қаржыдан ғылымның әлеуеті қалай дамып жатыр? Яғни қаржыландыру ғылым саласына, ғалымдарға қалай әсер етті? Осы қаржыландыру әсерінен ғылым саласындағы нақты қандай нәтижелерді көруге болады? ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті Malim.kz-тің осы сұрақтарына жауап берді.

Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Malim.kz-ке жолдаған жауабына қарағанда, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен ғылымға он салалық орталық мемлекеттік органға қаражат бөлінеді. Тұтастай алғанда, ғылымды республикалық бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда екі есеге өсіп, 2020 жылы – 50,1 млрд теңгені; 2021 жылы – 71,6 млрд теңгені құрады.

Мұның нәтижесі ғалымдарға қазірдің өзінде білініп, оң нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, ғылым комитетінің бізге берген жауабына қарағанда, "егер бұрын министрліктің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстары үш жылда бір рет жүргізілсе, 2020 жылы гранттық қаржыландыруға арналған 5 конкурс өткізілді. Нәтижесінде, министрлік республикалық бюджеттен жалпы сомасы 56,7 млрд теңгеге 10 басым бағыт бойынша, оның ішінде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласы да кіреді, қазақстандық ғалымдардың 1160 ғылыми зерттеулерін қаржыландырады. Соның ішінде 17,6 млрд теңгені құрайтын 317 гранттық жоба - бұл 40 жасқа дейінгі екі мыңнан астам зерттеушілер тартылған жас ғалымдардың зерттеулері".

Сонымен қатар Ғылым комитетінің хабарлауынша, 2020 жылы алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді, олар көптеген перспективалы ғылыми идеяларға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

"2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған алғашқы конкурс өткізілді, қаржыландырудың жалпы көлемі 9 млрд теңгені құрайды. Бұл конкурстың қорытындысы бойынша 164 жоба қаржыландырылып, іске асырылуда.

2021-2023 жылдарға арналған, қаржыландыру көлемі 9 млрд теңге, жас ғалымдардың екінші конкурсының қорытындысы бойынша 151 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы