Ұлттық ғылыми кеңес жұмысына қандай өзгерістер енгізілді?

Malim Админ

  • 26.08.2021

Жақында ғалымдардың ғылыми жобаларын қаржыландыруды шешетін Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Ұлттық ғылыми кеңес құрамына кіретін мүшелерге талап күшейтілді. Олардың индексі жоғары халықаралық журналдарда мақалалары болуы тиіс. Ғылыми кеңес жұмысында басқа да өзгерістер болды. Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті Malim.kz-ке берген жауабында осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

Білім министрлігі ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ашық еу мақсатында бірқатар өзгеріс жасағаны белгілі.

         "Ғылымды қаржыландырудың, өтінімдерді іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) жұмысын жетілдіру мақсатында ғылымның нормативтік базасы айтарлықтай жетілдірілді.          ҰҒК отырыстарының транспаренттілігі қамтамасыз етілді (ашық дауыс беру, онлайн-трансляция). ҰҒК мүшелеріне қойылатын талаптар күшейтілді (Хирша индексі Web of Science және (немесе) Scopus базалары бойынша кемінде 3; Web of Science базасының 1, 2 және 3 квартильдерінде кемінде 2 мақала және (немесе) Scopus базасындағы Cite Score бойынша процентиль кемінде 35; гуманитарлық ғылымдар бойынша – Web of Science және (немесе) Scopus базалары бойынша халықаралық журналдарда кемінде 3 жарияланым) Осылайша, кеңестердің құрамына сараланған тізімге сәйкес ең көп дәйексөздері бар ғалымдар таңдалады", - дейді ғылым комитеті өз жауабында.

2020 жылы ҰҒК құрамдары нақты ғылыми өлшемдерге негізделе отырып екі мәрте жаңартылған болатын. Ғылым комитетінің хабарлауынша, олардың қызметі ашық түрде жүргізіліп, ғылыми қауымдастықтын көңілінен шыға бастады.

Сонымен қатар ғылымды дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған басым бағыттарына сәйкес және ҰҒК мүшелеріне қойылатын жаңа талаптар негізінде барлық 10 ҰҒК құрамы жаңартылған. "ҰҒК құрамында 10 басымдық бойынша 228 мүше бар, 172 (75%) жаңа мүше бұрын-соңды ҰҒК мүшесі болған емес", - дейді ғылым комитеті.

Осылайша енді ұлттық ғылыми кеңеске мүше үміткерлерді ғылыми жарияланымдардың сапасына қарай іріктейді.

"Жобаларды жан-жақты қарауды қамтамасыз ететін ғылым салаларының әртүрлі қатысушыларының өкілдігі реттелген. ҰҒК жаңа құрамы жобаларды қаржыландыруды бөлу кезінде айқындық пен объективтілікті, сондай-ақ әрбір жобаны қараудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді", - дейді Ғылым комитеті бізге берген жауабында.

Сонымен қатар бүгінгі күні  «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» ережеге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс басталған.

"Өзгерістердің негізгі мақсаты барлық процестер үшін нақты критерийлерді енгізу, ғылымды басқару жүйесінің негізгі институттарының ашықтығын арттыру, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, бюрократиялық кедергілерді алып тастау, ғылыми басшылар мен орындаушы ұйымдарға үлкен өкілеттіктер беру және басқалар болатынын атап өту қажет. Бұған қоса, ҰҒК құрамындағы ғалымдардың өздері Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелерінің әдеп кодексін әзірледі, олар жоғарыда аталған ережеге енгізілетін болады".

Фото:ncste.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.