Талғат Қалиев: Қоғам үшін кез келген проблеманы біреуге жаба салған оңай

  • 10.09.2021

Әдетте елдегі түрлі жағдайларға қатысты әлеуметтік желіде айтылған алғашқы сөз бен ой нөсерден кейін лайланып аққан таудың асау өзеніндей боп тұрады. Ол өзеннің  не тазалығы, не мөлдірлігі, не тереңдігі көрінбейді, тоқтауға көнбейді, ағысы жолындағыны жайпап өтіп жатады. Әлеуметтік желідегі осындай жағдайларға қатысты өз пікірін, өз ойын ашық білдіріп, қоғамдық пікірдің дұрыс-бұрыс кеткен тұстарын талдап жазып жүрген саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің телеграм каналында қорғаныс саласындағы жуырдағы дауға қалам тербепті. Ой өрбіту, пікір таластыру,  жағдайды жан жақты бағамдауға қажеті болар деген ниетпен оқырманға Т. Қалиевтің сол жазбасын ұсынып отырмыз.

 

Қорғаныс министрі отставкаға кеткеннен және соған себеп болған қайғылы оқиғадан кейін бірнеше апта өткен соң осы жағдайды ешкімді жақтамай, қоғамның пікірін және саяси дәстүр тұрғысынан електен өткізіп бағалауға болады. Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап етіп жазылған кейбір пікірлерге қарамастан, оның отставкаға кеткен соң жауаптылықтан құтылу әрекеті ретінде бағаланып, «қызметтен кетіп, жауапкершіліктен құтылды» сияқты күтпеген ойлардың туындауына итермеледі. Алайда бұл болжам негізінен қисынсыз, өйткені осы оқиғаға қатысы болған әрбір адамның кінәсін анықтайтын тергеу саяси конфигурацияға (лауазымға) қарамайды. Одан басқа, көптеген елдерде мұндай жағдайларда тергеу барысына ықпал етуді болдырмау үшін әртүрлі деңгейдегі басшылар атқаратын лауазымынан уақытша шеттетіледі. Оқиғаға кінәсі жоқ екені анықталған жағдайда лауазымға қайта тағайындалады немесе керісінше кінәсі анықталса, жауаптылыққа тартылады. Сондықтан, Нұрлан Ермекбаев жауаптылықтан жалтару үшін отставкаға кетіп құтылды деп айту қисынсыз.

Әскери қоймалардағы жарылыс тек Қазақстанға ғана тән емес. Мұндай жағдай көрші Ресейде де жыл сайын болып жатады, алайда онда министр Шойгу ешқашан отставканы сұрап өтініш жасаған жоқ, тіпті ол анағұрлым жетісті басқарушылардың бірі болып саналады. Алайда, жарылыс салдары бойынша әскери қызметшілермен қатар азаматтар арасында да қаза тапқандардың қайғылы статистикасы Қазақстанға қарағанда едәуір жоғары. Таразда бірде-бір азаматтық тұрғын қаза тапқан жоқ.

Сергей Шойгу әрбір жарылыстан кейін отставкаға кетуге тиіс пе еді? Мерзімді қызметтен өткен кез келген адам қарулы күштерді басқару үш деңгейге – стратегиялық, жедел (оперативтік) және тактикалық болып бөлінетінін біледі. Бұл жерде Қорғаныс министрінің түгіл,  оның барлық орынбасарларының, бас штаб бастығының да әрбір әскери объектідегі жағдайды қадағала алу мүмкін емес, бұл іспен тиісті деңгейдегі командирлер айналысуға тиіс. Соғыс уақытында басшы құрамға алдыңғы шепке баруға тыйым салынған, өйткені тактикалық мәселені бөлімше қолбасшылығы шешеді, ал генералдар өз өмірін қатерге тігіп, қарсыластың ауқымды бағытты қолбасшысыз қалдыруына мүмкіндік бермеуге тиіс. Бұл жағдайда қоймалардағы оқиға үшін жауаптылықтың басым бөлігі төменгі деңгейде. Басты жауаптылар – сақшыдан және қойма меңгерушісінен бастап бөлім командиріне дейін бөлінеді.

Дегенмен, болар іс болды, экс-министрдің отставка туралы өтініші қабылданды, лауазымға оның орынбасары тағайындалды. Мәселе персонада емес, билік нысанын тым дербестендіру (жеке тұлғамен ааа байланыстыру) болып табылады. Қорғаныс ведомствосында сияқты барлық – спорттан бастап денсаулық сақтау, білім беру немесе мұнай саласына дейін жауаптылықтың сатылары бар. Алайда бұрынғы кеңес үкіметіндегі қоғамдарда  кез келген жағдайда тікелей сала басшылығын кінәлау әдет қалыптасқан. Мектептегі төтенше оқиға Білім министрінің атына наразылық білдіруге, Олимпиададағы нәтиже үшін Мәдениет және спорт министрінің отставкаға кетуін талап етуге әкеледі және тағы сол сияқты. Бірақ көптеген адамдар дәл осы эмоциялық тұрғыдан қойылған талаптар жауаптылықты басшылық мойнына артып, тікелей кінәлі адамдардың одан жалтарып кетуіне мүмкіндік беретініне, шынында кінәлі адамдардың болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы ойланбайды.

Қоймаларда болған жарылыс біреудің жымқырғанын, мүмкін төмен не орта буындағы, тіпті нақты адамдардың жасаған ісін жасыру үшін жасалған дүние емес екеніне қандай кепіл бар? Бірақ жауаптылықтың анағұрлым жоғары саяси деңгейге ауысуымен туындаған резонанстың төмендеуі тергеуді көзбояушылықпен жүргізуге ықпал етуі әбден мүмкін.

Елімізде отыз жыл ішінде министрліктер мен ведомстволар басшыларының отставкаға кеткені, оның ішінде резонансты жағдайға байланысты кеткені аз емес. Алайда отставкалардың бірде-біреуі оқиғаның себептерін жоюда нәтиже бермеді. Барлық деңгейдегі аймақтарда жолдар мінсіз емес, мектептер мен ауруханалар әлі күнге дейін наразылық тудырады, аграрлық сектор ауа райы жағдайына тәуелді болып отыр, тіпті барлық салаларда да осындай жағдай.  

Шын мәнінде, қай саланы алсақ та, оның жағдайы жетекшісінің өзіне байланысты емес. Алайда, қоғам үшін кез келген апатты, проблеманы, жағдайды бірінші жетекшіге жапсырып, иете салу әлде қайда оңай. Ал, ондай жағдай қайталап келетін болса, қайтадан жаңа “кінәлі” жеке адамды іріктеп аламыз да, қоямыз. Мұндай қоғамымыз толысқан қоғам деп айтуға бола ма? Ол  енді екі талай…

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.