Қайрат Сәтжанов: Құрамадан бапкерлер мен біраз боксшылар кетеді

  • 11.09.2021

Бірер апта бұрын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған Қайрат Сәтжанов осы қызметтегі алғашқы сұхбатын Мalim.kz  сайтына берді.  Қайрат Сәтжанов бұған дейін 2011-2019 жылдар аралығында жасөспірімдер құрамасын жаттықтырып, 2019 жылдан бері жастарды баптаған маман, енді, оған бокс федерациясы ересектерді құрамасын сеніп тапсырып отыр. Жаттықтырушылықта сатылап өскен маман Ақтауда өтіп жатқан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға халықаралық турнирде жастардың аяқ алысын бақылап жүр. Оза шапқанын топқа қосып, айтулы додаларға апарсақ деген ойдамыз деген ниетін де айтып қалды.

-Әлем чемпионатына аз уақыт қалғанда бас бапкерлікке сізді тағайындады. Бір жарым айдан аз уақыт ішінде мүмкіндікті қалай пайдаланасыздар?

- 25 қазанда Сербия астанасы Белградта әлем чемпионаты басталады. Осының қарсаңында Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға турнир іріктеу есебінде өтіп жатыр. 17 қыркүйекте Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиындары басталады. Одан кейін Англияда сол елдің құрамасымен бірлескен жаттығу жиындары өтеді. Сол сында боксшыларды іріктеп, бірінші құрамды анықтап, Сербияға апарамыз. Құрамада жастарға мүмкіндік беріледі. Олимпиадаға қатысқан боксшылардың басым бөлігі әзірге демалады. Әрі кетсе 2-3 боксшы ғана әлем чемпионатына қатысуы мүмкін. 69 келіде бокстасқан Абылайхан Жүсіпов қатысып қалуы мүмкін. Ол жағын да әлі нақтылап қарастырамыз. Сосын 57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов баруы мүмкін. Ал аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевқа таңдау түседі.

-Кезінде жастар құрамасында өзіңіз жаттықтарған боксшыларға сенім артасыз ба?

-Жастар құрамасында болған Айбек пен Нұрбек Оралбайлар қатысуы тиіс. Ол жағын алдағы жаттығу жиындарында баптарына қарай көреміз.

- Бақтияр Артаев кәсіпқой бокстағы жігіттер де қосамыз деп отыр.

-Иә, мысалы, Бек Нұрмағанбетті 86 келіде шығармақ жоспарымыз бар. Қайсысы мықтылау болады, соны қосып көреміз. Қаражат жағы дұрыс шешілсе, Англияға екі құраммен бармақпыз. Бірінші құрам чемпионатқа кетеді, екінші құрам желтоқсанда Ташкентте өтетін 19-22 жас аралығындағы жастар арасындағы Азия біріншілігінде бақ сынайды.

-Уақыт тығыз емес пе?

- Иә, уақыт өте тығыздау. Осыған қарамастан жаттығу барысында кіл мықтыларды сұрыптап, жақсы дайындықпен барамыз.

-Сербияда қазақ боксшылары қанша медаль алуы мүмкін?

-Он үш боксшы сынға түседі. Ішкі түйсік кемі екі алтын алсақ дейді. Бірақ кім біледі. Ересектер құрамасына енді келіп жатырмыз. Бұйырса, жақсы нәтиже көрсетеміз деген сенімдемін. Жаңарған құрамамен барамыз. Өліара кезеңдегі құрама болғандықтан түрлі жағдай болуы мүмкін.

-Токиодан кейін қай боксшылар былғары қолғабын шегеге іледі?

-Меніңше, Закир Сафиулин мен Василий Левит спорттық мансабын аяқтайтын шығар, жастары да келді.

-Жастар құрамасындағы бапкерлермен бірге ересектерге бірге келіп жатыр екенсіздер. Бұрынғы бапкерлер сізбен бірге жұмыс істемей ме?

-Бұрынғы бапкерлер қалмайды. Жастар құрамасында бірлесіп жұмыс істеген көмекшім Нұркен Андасов екеуіміз алда ересектерді ары қарай бірлесіп жаттықтырмақпыз. Одан кейін басқа да бапкерлерді қабылдап жатырмыз.

-Биыл Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында сіз бастап барған боксшылар жақсы нәтиже көрсетті. Солардың жайы қалай болады? Мысалы, Сабыржан Аққалықов, Санжар Тәшкенбай сынды боксшылар...

- Сабыржан Аққалықов Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға турнирге қатысып жатыр. Нәтижесіне қарай оны көреміз. Ересектер арасында алғаш рет сынға түсіп отыр. Тәшкенбай Санжардың ересектер арасындағы жарысқа қатысуға жасы келмей отыр, небәрі он сегізде ғана. Талап бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын боксшы 19-40 жас аралығында болуы керек. Сондықтан, осыны ескеріп АИБА-ға хат жазып, Санжар үшін рұқсат сұрап отырмыз. Ол биыл жастар арасында сәуірде әлем чемпионы атанса, таяуда ғана Азия біріншілігінде топ жарды, талантты бала. Ал Сабыржан Сербияда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі деген жоспар бар, алдымен осы турнирде топ жарсын. Сосын Дүйсебай Дархан деген талантты боксшы бар. Содан үміт күтемін. Ең алдымен бүгінгі турнир аяқталсын. Алда оқу-жаттығу жиындары бар. Содан кейін нақты кесіп-пішіп бірдеңе айтуға болады. Әзірге жобасын қарап жатырмыз. Қалай болғанда да арық айтып, семіз шыққымыз келеді...

Әңгімелескен Жанкелді Қаржан

Оқи отырыңыз: Б.Артаев: Лукас Қызайбайды қорқытып, жанжалды өзі қоздырып отыр...

Байланысты жаналықтар

Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде сынға түседі

19.03.2024

Б.Артаев: Лукас Қызайбайды қорқытып, жанжалды өзі қоздырып отыр...

11.09.2021

Дубайдағы додаға дайынбыз ба?

23.05.2021

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

24.04.2021

Токио-2021: Қазақстанда қанша жолдама бар?

31.03.2021
MalimBlocks
Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде сынға түседі

Турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Б.Артаев: Лукас Қызайбайды қорқытып, жанжалды өзі қоздырып отыр...

Бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаев Malim.kz сайтының бүгінгі қазақ боксындағы кемшіліктер мен дауларға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Дубайдағы додаға дайынбыз ба?

Ертең Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты басталады.

Бокстан 7 жыл бұрынғы жетістікті қайталадық

Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл сында еліміздің былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алып, командалық есепте екінші орынға көтерілді.

Токио-2021: Қазақстанда қанша жолдама бар?