Тоқаевтан Арон Атабекті босатуды сұрады

Елнұр Бақытқызы

  • 15.09.2021

Құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина, Ғалым Ағелеуов пен Елена Семенова Шаңырақ тұтқыны, диссидент Арон Атабекке рақымшылық жариялап, түрмеден босату туралы президент Тоқаевқа хат жазып, қол жинай бастады.  Құқық қорғаушылар әлеуметтік желіде бес күн бойы хатқа қол жинап, кейін оны Ақордаға жолдамақ.

Арон Атабек (шын фамилиясы – Едігеев) бұған дейін құқық қорғаушылармен кездескенде түрмеден шартты түрде бостандыққа шығу туралы да, өзіне рақымшылық жасау жайлы да билікке өтініш жазбайтынын кесіп айтқан.

Құқық қорғаушылар Арон Атабек түрмеден босату жөнінде өтініш жазбаса да, президент 2016 жылдан бері тұтқынның сұрауынсыз-ақ оған рақымшылық жариялалай алады дейді.

"Біз президентті өз бастамасымен Арон Атабекке рақымшылық жариялауға шақырдық.Атабектің өзі мұны сұрамайды, бастама биліктен болуы шарт. Билік адамгершілік танытқаны жөн. Президент өзі бастама танытып, саяси тұтқындарға рақымшылық жариялаған прецеденттер бізде болған жоқ. Мақсатымыз – Макс Боқаев, Арон Атабек тәрізді принципшіл адамдарға билік адамгершілік танытып, оларды босатуға өзі бастамашы болуы керек, оларға кінәсін мойындату дұрыс емес екенін көрсету", - дейді құқық қорғаушы, Liberty қоғамдық қорының президенті Ғалым Ағелеуов malim.kz-ке берген сұхбатында.

"Арон Атабек өзін кінәсізбін дейді. Сондықтан өтініш жазудан бас тартты. Ол саяси тұтқын ретінде өзінің ақталғанын қалайды. Ол үшін сот үкімінің күші жойылып немесе қайта қарастырылып, заңсыз деп танылуы керек. Бұл мемлекет саяси тұтқындар саяси конъюнктураға байланысты сотталды деп мойындағанда ғана іске асады. Бірақ қазір ең бастысы, Арон Атабекті аман алып қалу", - дейді құқық қорғаушы, "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжан Төреғожина malim.kz-ке берген сұхбатында.

Құқық қорғаушылар Арон Атабектің денсаулығына қатты алаңдайды. Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері шілде айында 15 жыл қамауда отырған Арон Атабекпен кездесіп, денсаулығы нашарлағанын хабарлаған. Арон Атабектің топ мүшелеріне айтуынша, оның  екі қолым ауырады, қолын жоғары көтере алмайды,  қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғы да ауырады, камера ішіне ғана жүреді, Таксофонға арбамен барады.

"Ол ем алудан бас тартты. Атабекті медициналық тексеріске апарған. Нәтижесі әзірге шыққан жоқ. Аурудан әбден әлсіреген оның ағзасы қалған мерзімге шыдай алмайды деген қауіп бар", - дейді Төреғожина. 

Құқық қорғаушылар бұған дейін Арон Атабекті босату мәселесін көтеріп, депутаттардан пікір жинаған. Бақытжан Төреғожина осы кезде күштік құрылымдар арасында Шаңырақтағы полицейдің өлімін кешіруге болмайтынын алға тартып, Арон Атабекті босатуға қарсы шыққан топ болғанын айтады.

"Негізінен күштік құрылым, бас прокуратура өкілдері арасынан Арон Атабек жаза мерзімін толық өтеуі керек, өйткені "полицей мемлекеттік биліктің көрінісі, ал оны өлтіру билікке қастандық жасаумен бірдей" деген топ шықты. Шаңырақта қаза тапқан полицейдің туыстары "Арон өзінің жазасын өтеп бітпеді, оған рақымшылық жариялауға болмайды" деген сарында видео жариялады. Біз осы хат арқылы оларға қарсы аргумент ұсындық", - дейді Бақытжан Төреғожина.

Қыркүйек айында рақымшылық істері жөніндегі комиссияның отырысы өтпек. Құқық қорғаушылар осы комиссия отырысында президент Атабекті босату жөнінде шешім қабылдайды деп үміттенеді.

Оқи отырыңыз: Арон Атабектің денсаулығы нашарлап кеткен, жүрсе денесі дірілдейді

Фото: Ұлттық алдын алу тетігі

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

23.04.2024

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

23.04.2024

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

22.04.2024
MalimBlocks
Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Бектенов барлық үйлерді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгінде елімізде 39 барынша проблемалық нысан бар.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Ресми сапар 24-25 сәуірге жоспарланған.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 553 мың теңге беріледі – Бектенов

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындық, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн бас болды.