Елімізге Ираннан 53 қандас қоныс аударды

Бүгін Ираннан Қазақстанға 20 отбасы қоныс аударды деп хабарлайды Malim.kz

  • 15.09.2021

Бүгін Ираннан Қазақстанға 20 отбасы қоныс аударды деп хабарлайды Malim.kz

Иранда туып, сол жерде өскен этникалық қазақтардың көші Маңғыстауға аялдады. Енді құжат мәселесі реттелген соң олар астанаға аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысына қоныстандырылады.  Бұл биыл Маңғыстауға сырттан келген үшінші көш. Бұған дейін көршілес Түркіменстан Республикасынан ақпан және мамыр айларында 409 адам оралған болатын. Иранның Горган қаласынан келген 53 адам келсе, оның жиырма бесі балалар. Тарихи атамекеніне келгендердің бірі Хадиша Адай. Ол атамекенге біржола оралған сәтінде қуанышын жасыра алмады.

«Түркіменстанда тудым. Жұмыс бабы бойынша Иранның Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Бүгін туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз», - дейді ол.  

«Иранның Горган деген қаласынан 35 шақырым жерде Түркімен деген ауыл бар. Түркімен ауылында отыз жылдан астам уақыт тұрдық. Сонда оқып, білім алдық. Жақын туыстарым Қазақстанға оралған соң мен де  ағайын-туыстың қасында болуды ойладым. Енді міне, төрт баламды атамекеніне әкеліп отырмын. Кішкентайынан ана тілінде сөйлеп, тарихын танып, елі үшін еңбек етсе деймін», - дейді ираннан оралған Неджип Қазақ.

Қазақстанға оралғандардың бірі көп ағайынды Жаңыл Қазақ. Оның ағайындарының жартысынан көбі елге қоныс аударған. Бүгін ол ағайындарымен қауышқан жайы бар.

 «Менің анам 16 құрсақ көтерген. Өзім үйде үшінші баламын, ал інім - үйдің кенжесі. Інімнің отбасымен бірге Қазақстанған аман-есен келгеніме қуаныштымын. Қазір тоғыз ағайынның басы қосылды. Иранда туған бес бауырым қалды, - дейді Жаңыл Қазақ.

 Айтпақшы, Ираннан елге келген көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ирандағы Елшілігі мен «Отандастар Қоры», Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолға алуымен ұйымдастырылып отыр.

Жанкелді Қаржан,  фото Талант Құсайын, Ақтау қаласы

Байланысты жаналықтар

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

17.04.2024

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

09.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024

Маңғыстау облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

03.04.2024

Биыл 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

26.03.2024
MalimBlocks
«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Маңғыстау облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жер үйдің қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Биыл 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн аса этникалық қазақ оралды.