Мақпал Жұмабай мен Қымбат Досжан жаңа қызметке тағайындалды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 20.09.2021

Белгілі ақын Мақпал Жұмабай мен танымал журналист Қымбат Досжан жаңа қызметке тағайындалды. Ұлттық арнаның Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директоры Жалғас Сәдібекұлы: "Мақпал Жұмабай “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалса, Қымбат Досжан “Балапан” арнасына басшылық етеді" деп әлеуметтік желіде хабарлады.

Мақпал Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында  дүниеге келген. Республикалық “Ана тілі” газетінде бөлім редакторы, “Қазақстан” ұлттық телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінде, “Балапан” телеарнасында шеф-редактор, продюсер, директор  қызметтерін атқарған. Мемлекеттік “Дарын” Жастар сыйлығының лауреаты. 

Қымбат Досжан 1963 жылы 17 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жүргенов атындағы мемлекеттік институтын театр және кино мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Журналистер Одағының лауреаты.

Байланысты жаналықтар

Отшашудан сенің даусың естілмейді, естілмейді...

07.07.2020
MalimBlocks
Отшашудан сенің даусың естілмейді, естілмейді...