Маңғыстауға Қостанайдан 250 тонна шөп, 180 тонна жем тегін жеткізіледі

  • 21.09.2021

Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Олжа Агро» ЖШС-гі 
 арасында мал азығын тегін жеткізу бойынша меморандумға қол қойылғанын Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан қиналған шаруаларға көмек беру шаралары жалғасуда. Облыс әкімдігімен келісім аясында «Олжа Агро» ЖШС Маңғыстау облысына құрғақшылықтан зардап шеккен мал иелеріне көмек ретінде жалпы құны 32 миллион теңге болатын 250 тонна шөп және 180 тонна жем жеткізеді екен.

Сонымен қатар, қол қойылған меморандум аясында «Олжа Агро» ЖШС өңірге мал азығын нарықтағыдан төмен бағамен жеткізбек.

"Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындар арасында жем-шөпті жеткізу мен бөлудің ашық тетігін ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органның атынан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жауапты болып,  меморандумға қол қойды. «Олжа Агро» ЖШС тарапынан компанияның бас директоры Айдарбек Ходжаназаров қол қойды" делінген хабарламада.

Байланысты жаналықтар

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

04.03.2024

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам табылды

01.03.2024

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

24.02.2024

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

20.12.2023

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

26.06.2023

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

20.05.2023
MalimBlocks
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Кездесуде облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам табылды

Іздеу кезінде дрон қолданылған. 

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

Заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті

Жетібайдағы ереуіл. Ахуал қайда апарып соғады?

Әлі күнге дейін компания басшылығы мен жұмысшылар ымыраға келмеген

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары болған лауазымды ұсталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев қамауға алынды.

Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

Елімізде орта білім беру саласында оқушылардың алаңсыз оқуы үшін түрлі кешенді мектеп бағдарламалары іске асырылып келеді.