Сенатор Трұмов әкім Трұмовтың 6 миллиондық жұмыртқа жырын біле ме?

Маңғыстауда алты миллионға алған жұмыртқа жарамсыз болып шығыпты...

  • 22.09.2021

«Бұл не қылған жұмыртқа?» деп таң қалып отырған шығарсыз. Иә, былтыр, Маңғыстауда азық-түлік қорын тұрақтандыру бойынша «Каспий ӘКК» АҚ 6 миллион теңгеге сатып алған 200 мың тауық жұмыртқасының мерзімі өтіп, жарамсыз болып қалыпты. Аталған мекеменің сегіз айдағы жұмысын тексерген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті біраз жайттың бетін ашты.

-Былтыр сатып алған жұмыртқа кәдеге жарамсыз болып шыққан соң, мол өнімді компания балансынан шығаруға тура келген. Алты миллион желге ұшқан соң, жарамсыз күйдегі мыңдаған жұмыртқаны жою және үй-жайларды дезинфекциялау қызметтері үшін 1,9 млн теңге сомасында қосымша қаржы бөлініпті. Тексере келгенде ол қаржы  да тиімсіз пайдаланылған,- деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.

Жұмыртқаның жырынан бөлек, сүт, ет, тері, жүнді одан әрі өндіруге және сатуға бағытталған «Аруана» инвестициялық жобасының іске асыру кезінде қарыз шартының орындалуы даулы жағдай тудырып отыр. Тексере келгенде «Қарағантүбек» ЖШС-нің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына тиісті бақылауды қамтамасыз етілмеген болып шықты. Соның салдарынан «Қарағантүбек» ЖШС-нің 300 бас аналық түйе сатып алуға берілген қаржыға іс жүзінде 250 бас сатып алған. Аналық түйе демекші, арасында 43 аталық түйе сатып алыныпты. Арасында 4 айдан асқан бота мен 26 жасқа дейінгі жас аралығындағы түйелер жүр. Соған қарамастан барлығы бірдей 700 мың теңгеге сатып алыныпты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Каспий ӘКК» АҚ ахуалды реттеу үшін алты ай уақыт бердік деп отыр. Ал осы күнге дейін «осылай істедік екен» деп компанияның басшылығы тиісті деректер бойынша кінәлі тұлғаларды анықтамаған. Оларды жауапкершіліке тарту жағы тіптен қарастырылмаған. 

Жалпы, 2018 жылдан бері «Каспий ӘКК» АҚ басқарма төрағасы 4 рет ауысқан. Әр басқарма басшысы өз кезінде кадрларды өз қалауынша тағайындап, соңғы үш жылда 7 млрд теңгеге шығындалғанына қарамастан мамандарына 6 миллион теңгені заңсыз төлегенін айтады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бір қызығы, бүгінде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып отырған Абзал Меңдібаев 2020 жылдың 31 қаңтарынан 2021 жылдың ақпанына дейін яғни, екі жүз мың жұмыртқа бұзылған уақыттарда, әкімдікке ауысқанға дейін «Каспий ӘКК»-ті басқарған.

Бұдан да қызығы, Н.Назарбаевтың дамыған 30 мемлекет қатарына қосылу бастамасы негізінде құрылған, таза мемлекет меншігіндегі, өздерінің сөзімен айтқанда, «экономиканы әртараптандыру және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамыту жолымен Маңғыстау облысында халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізуді» миссия еткен "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның директорлар кеңесінің төрағасы сол кездегі облыс әкімі Серікбай Трұмов болған. Тіпті, корпорация сайтында осы жолдарды жазып жатқан сәтте директорлар кеңесінің төрағасы ретінде  С.Трұмов көрсетіліп тұр.

Бүгінде астанада жайлы орынға жайғасқан С.Трұмов халық сөзін сөйлеуші сенатор ретінде облыстың экс-әкімі және «Каспий ӘКК» корпорациясының (бұрынғы) директорлар кеңесінің төрағасы С.Трұмовтың басқару ісіне қандай да бір баға беріп, сын айта ма? Әлде шіріп кеткен алты миллиондық жұмыртқаға тауық пен қоразды кінәлі жасай сала ма?

Жанкелді ҚАРЖАН, Ақтау қаласы

Коллаж malim.kz

 

Байланысты жаналықтар

«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

17.04.2024

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

09.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024

Маңғыстау облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

03.04.2024

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

04.05.2023
MalimBlocks
«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.

Атыраудың 1700-ге жуық мектеп оқушысы Маңғыстауда оқиды

Онлайн оқыту форматы биыл 8-12 сәуір аралығында жүргізіледі.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Маңғыстау облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жер үйдің қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Үш баланы өлтіру. Полицейлер бірін бірі терістеп жатыр.

«Сириядағы соғысқа қатыспаған». Бір жарым ай бұрын Ақтауда ажырасқан әйелінде кеткен үш баласын қастандықпен өлтірген әкенің діни жат ағымның жетегінде кеткені туралы ел арасында түрлі әңгіме айтылған еді