Бейсен Құранбек атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

  • 27.09.2021

Астанада Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды деп хабарлайды inform.kz

«Өз басым Бейсен бауырыздың осы өмірде қалдырған еңбегі еленіп қоймай, осындай байқау арқылы жаңғырып жатқанына қуаныштымын. Байқауға қатысушылардың дені жастар болды. Расы керек жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлығы 100 өтініш келіп түсті. Бейсеннің бағдарлама жүргізгенде өзіндік принциптері болды. Оның сөйлеу мақамы, өзін ұстауы, журналистік этикасы тұтас бір дүние. Бейсен негізінен әлеуметтік бағдарламаларды жүргізгеннен ол халыққа жақын болды, қайырымдылықпен айналысты. Байқау барысында аймақтағы тілшілерге мән беріп, қолдау көрсетуге тырыстық», - деді елімізге танымал тележурналист Арман Сқабылұлы.

 

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары:

І орын Jetisy телеарнасының редакторы Сәния Байтарова.

ІІ орын Aqtobe телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов.

ІІІ орын «Qazsport» телеарнасының редакторы Индира Бектенова.

 

«Бейсен ағамыздың бейнесі есімізде мәңгі қалары сөзсіз. Талдықорғандағы ағамыздың кабинетінде үлкен портреті тұр, біз соған қарап ағамыз әлі ортамызда жүргендей сезінеміз. Кейде қарап, көзімізге жас аламыз, бір қарағанда ағам маған жол көрсетіп тұрғандай көрінеді. Бейсен ағамыз басқарған Жетісу телеарнасының ұжымы өте ұйымшыл болды. Жеңімпаз атану мен үшін үлкен құрмет. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Жеңіс жалғыз менікі емес ортақ деп есептеймін», - деді байқау жеңімпазы Сәния Байтарова.

Аталған байқау жеңімпаздары дәстүрлі «Astana Media Week – 2021» медиа апталығының ашылуы салтанатында марапатталды.

Байланысты жаналықтар

Бейсен Құранбектің сөзі: Шал мен кемпірдің баласы болдым

03.03.2021

Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

02.03.2021

"Әжеміздің ғасыр тойында тік тұрып қызмет етеміз деп уәделесіп едік қой, Бейсаға!"

09.12.2020

Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

24.09.2020

Гүлнәр Салықбай. Шуақты едің, қайда кеттің, жарығым…

26.06.2020

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады

17.06.2020
MalimBlocks
Бейсен Құранбектің сөзі: Шал мен кемпірдің баласы болдым

Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

"Әжеміздің ғасыр тойында тік тұрып қызмет етеміз деп уәделесіп едік қой, Бейсаға!"

Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

Гүлнәр Салықбай. Шуақты едің, қайда кеттің, жарығым…

Абзал Құспан Шораевтан жала жапқаны үшін кешірім сұрады