Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» спектаклі қойылады

Бүгін  Түркістан музыкалық драма театрында театрда қойылатын «Бөрте» спектакліне байланысты пресс-конференция өтті.

  • 06.10.2021

Пресс-конференцияға «Түркістан музыкалық драма театрының» директоры және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова, қойылымның режиссері Карло Шаккалуга (Сarlo Sciaccaluga), Қазақстанның халық әртісі, Құрмет ордені кавалері, Алматы облысының құрметті азаматы – Алмахан Кенжебекова,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Лейло Бекзанар-Ханинга, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Алихан Ыдрышева, әртістер  – Айя Шәріп, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов қатысты.

Түркістандағы жаңа театрда «Бөрте» спектаклі қойылады

2021 жылдың 9-10 қазанында Түркістан музыкалық драма театры белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты Дулат Исабековтың пьесасына қойылатын «Бөрте» спектаклімен тұңғыш рет шымылдығын ашады.

Бөрте әлем тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, Шыңғыс ханның қоңырат тайпасынан алған алғашқы әйелі. Бөртеге арналған тұңғыш шығарма қазақ сахнасында да тұңғыш рет қойылып отыр. Қойылым 10-11 жастағы Темучин (Шыңғыс ханның шын есімі) мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде Темучин алауыздық жайлаған моңғол тайпаларын біртұтас мемлекетке біріктіріп, Шыңғыс қаған атанады. Шыңғыс хан әскерінің жеңісті жорығы Қытайдан басталып, Украинада болған атақты «Калқа өзені бойындағы шайқасқа» дейін жетеді. Спектакльде өжет те қайсар, ажарлы да ақылды, батыр да батыл, бір басында драмасы мен трагедиясы жетіп-артылатын қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады.

(Қойылымның көркемдік жетекшісі - Айнұр Көпбасарова)

«Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор (Davide Livermore) шақырылды. Қойылымның көркемдік жетекшісі - Айнұр Көпбасарова, режиссер - Карло Шаккалуга (Carlo Sciaccaluga), сценограф– Анна Варалдо (Anna Varaldo), координатор - Элис Ферранти (Alice Ferranti), декоратор-суретші - Жанат Көкімбеков, костюм бойынша суретші – Айжан Абдуайт, композитор - Хамит Шанғалиев, әдеби редактор – Шынар Омарова, жарық бойынша суретші - Даурен Самашов, балетмейстер – Әсем Алдибекова, Мадина Муратпекова, Дәулет Мұратпеков, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова. Иллюстратор суретші – Ассоль Сас, әкімшілік-шаруашылық бөліміне жауапты – Нильдебаев Ұлан, Қабылов Бауыржан, PR және халықаралық қатынастар бөлімінің менеджері – Бозщина Айгерім, техникалық жабдықтау бөлімінің менеджері – Шаяхметова Айгерім, көркемдік жетекшінің ассистенті - Жарылқасова Ақсұңқар. Түркістан музыкалық драма театрының жас драма актерлары және балет әртістері.

(Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Лейло Бекзанар)

Тарихи спектакльдің ғылыми кеңесшісі: тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлан Атығаев. Ролдерде ойнайтын әртістер: Айя Шәріп, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Еркебұлан Дайыров, Лейло Бекназар-Ханинга, Әділ Ахметов, Алмахан Кенжебекова, Алихан Идрышева, Ержан Нұрымбет, Нартай Сауданбекұлы, Қонысбек Бегайдаров, Зәмзәгүл Бегайдаров, Алтынай Нөгербек, Азамат Чукеев, Толқын Нұрбекова, Әшім Ахметов, Қуаныш Қонысбеков, Әйгерім Қайратқызы.

Декорация шынайлығымен, сахналық киімдер тартымдылығымен, реквизиттер шеберлердің арнайы дайындауымен ерекшеленеді. Белгілі композитор Хамит Шаңғалиев спектакльге арнап эксклюзивті музыка жазды. Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарованың айтуынша, алдағы уақытта да озық техникалық және креатив шешімдерге негізделген тың қойылымдар қала тұрғындары мен қонақтарына көптеп ұсынылатын болады.

Түркістан музыкалық драма театры елдің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен салынған Түркі әлемі астанасының ең сәулетті ғимараттарының бірі. 2021 жылдың мамыр айында ол арнайы келіп жаңа театрдың актерлық құрамымен және сахнаның техникалық  мүмкіндіктерімен танысқан еді.

Байланыс үшін: “Түркістан музыкалық драма театры”, Түркістан қаласы, Б. Саттархан көшесі, 4, Әйгерім Бозщина, тел.: +7 747 233 59 88,
email: info@turkistan-theatre.kz

Байланысты жаналықтар

ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

02.12.2022

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

07.03.2021

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ

20.11.2020

Қарабақ қақтығысының көкесін біз көретін едік

12.11.2020

Қонаев сынаған кітап жарыққа шықты

16.10.2020
MalimBlocks
ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ... яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі

Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүддәмалда қалмасын деп.

Сатыбалды Нарымбетов. Жастармен жарысуға болады

Ақтотының басқа қыздар сияқты сұғанақтығы жоқ

Қарабақ қақтығысының көкесін біз көретін едік

Қонаев сынаған кітап жарыққа шықты