Құтқарушылар зомбилердің көмегіне жүгінді

  • 07.10.2021

Төтенше жағдай қызметкерлері халықтың назарын қыста иістеніп қалмауға аудару үшін осындай тәсілге жүгінуге мәжбүр болғандарын айтады. Өрт сөндірушілер мен «құбыжықтар» көмірмен пеш жағатын жеке үйлерді бірге аралады. ШҚО құтқарушылары бір күнге жұмыс киімдерін шешіп, зомби кейпіне енді. Өңірде жылу беру кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға тұрғындардың көңіл бөлуі үшін осындай ерекше әдіс қолданылуда. Мақсат - газбен улану және өрт оқиғаларын болдырмау.

«Зомби» кейіпкері де бекер таңдалмапты. Себебі, Құдай сақтасын, иіс тиіп қалған адам осындай шарасыз қалыпқа түседі екен. Дегенмен Алтай бауыры өрт сөндірушілері тек біртүрлі амалға ғана сүйенбей, арнайы құрал - газ талдағышпен үй іштеріндегі улы газдың жиналуын тексергендерін айтады. Ал зомби рөлі сөзбен жеткізу қиын орасан зор қауіп-қатерді аңғарту үшін қолданылған. Тіпті бертіндегі салқын күндердің өзінде-ақ Шығыс Қазақстан аймағында 3 адам газбен уланудан зардап шегіп үлгерген.

Пеш жағуда сақтау керек ереже:

 - жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде жылыту пештері - кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер - кемінде екі айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс;

- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктелуі қажет;

- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металлдан жасалған қаңылтырша жатуы абзал;

- әлі қызып тұрған күл тиісті жерге төгіліп, сумен сөндірілсе құба-құп.

Әлбетте пештің дұрыс орналасуы, қасында тез жанатын заттардың болмауы әрқашан бұлжымас қағида екені баршаға аян.

 

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

27.03.2024

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

12.03.2024

Ақмола облысында болмаған төтенше жағдай үшін заңсыз шарт жасасқан

29.02.2024

Қауіп-қатердің алдын алуға қаншалықты қауқарлымыз?

30.04.2022

Апатты күнде құтқарушылар қалай жұмыс істеді?

30.03.2022

Наразылық дүмпуі. Көшербаев кетті, Қарин келді

05.01.2022
MalimBlocks
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

БҚО-да 27 наурызда жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Ақмола облысында болмаған төтенше жағдай үшін заңсыз шарт жасасқан

Келісімшарт мәні – тж салдарын жою.

Қауіп-қатердің алдын алуға қаншалықты қауқарлымыз?

Апатты күнде құтқарушылар қалай жұмыс істеді?

Алматыда 29 наурыз күні ауа райы күрт құбылып, қатты жел тұрып, қарқынды жаңбыр жауып, құтқарушылардың жұмысы көбейді.

Наразылық дүмпуі. Көшербаев кетті, Қарин келді