Жамбыл Жабаевқа арналған 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді

  • 14.10.2021

Елордада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының аясында шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, зиялық қауым өкілдері қатысты. Шараның ашылуында сөз сөйлегенМемлекеттік хаты Қырымбек Көшербаев бұл жинақтың маңызына тоқталды.

«Біз бүгін ұлы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарыққа шыққан 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімне жиналып отырмыз. Ұлы жырауың соңында қалған соқталы шығармаларын ұлттың игілігне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу біз үшін ұлағатты парыз, асыл аманат. Мерейтой жылында ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүргізілуде. Солардың бірі мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің аясында жарық көрген осы көптомдықтар дер едім, - деді Қырымбек Көшербаев. Тұсауы кесілген 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жырлары топтастырылған. Сондай-ақ, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдардың ғылыми зерттеулері, көрнекті ақын-жазушылардың естеліктері де енген.

«Бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ жамбытануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептейміз. Жыр алыбы Жамбылдың бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер, Жамбыл библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде жарыққа шықты», - деген Мемлекеттік хатшы туындының қазақ халқының руханиятына қосылған тағы бір құнды мұра болатынына сенім білдірді.

 

Байланысты жаналықтар

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024
MalimBlocks
Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.