Министр Берекешевтің кері кетуі немесе кіші көлдің үлкен дауы

Экология министрлігі Талдыкөлге қатысты ұстанымынан неге ауытқып кетті?

  • 14.10.2021

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Берекешев Кіші Талдыкөлге құрылыс жүргізуге қатысты өз ұстанымынан табан астында тайқып шыға келді. 13 қазан, сәрсенбі күні журналистерге өз мекемесі «әкімдікпен келісімге келгенін» мәлімдеген-ді. Естеріңізге сала кетейік, соңғы кезге дейін экология министрлігінің басшылары табиғи нысан аумағында құрылыс жүргізуді насихаттаған Алтай Көлгіновтің әкімдігіне қарсы ұстанымда еді.

Бірнеше апта бұрын елорда әкімдігінің шенділері Кіші Талдыкөлді табиғи су көзі деп қарауға болмайтынын айтып жатқанда экология министрлігі олардың бұл уәждерін терістеп келген.  Вице-министр Серік Қожаниязов экобелсенділердің өтінішіне былай деп жауап берген:

«Қазіргі уақытта Кіші Талдыкөл көлдер тобы бар, олардың табиғи жағдайдағы өз шекаралық аймақтары қалыптасқан.  Қазақстан Республикасының  Су кодексінің 5 бабында,  Қазақстан Республикасының су объектілеріне шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық беті рельефтеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Осыған сәйкес Кіші Талдыкөл көлдер тобы тұрақты көлдерге жатқызуымыз керек».

Енді, экология министрлігі «Кіші Талдыкөлдің табиғи құймасы жоқ, сондықтан тартылып кетеді» деген елорда әкімі Алтай Көлгіновтің сөзін сөйлеп шыға келді. Оның айтуынша, олар елорда әкімдігімен келісімге келген. «Sputnik Қазақстан» бүй деп хабарлайды: Министрдің айтуынша көлді  тәуелсіз су көзі деп қарауға келмейді, өйткені оның табиғи құймасы жоқ. Бұл экология министрінің пікірінше көл танабының құрғап қалуына әкелуі мүмкін.

 

фото: primeminister.kz

«Біз әкімдікпен құрылыс нысанын жобалау барысында көлге жасанды құйманы да жобалау туралы келістік, су көзі ретінде ол сақталып қалуы керек. Құрғап бара жатқан жерлер көміліп, терең суы бар жерлерді әкімдік қалдыруы тиіс», - деген министр сөзін  «Sputnik Казахстан» жеткізеді.

Экоактивистердің айтуынша, бұған дейін министрлік бөлім басшылары –әкімдіктегі шенеуніктердің көлдердің мәртебесін реформалау туралы ережені бұзғанын мойындаған.

«Бұдан бұрын министрлік, әкімдік көл аймақтарының жерлері (Су қорынан –Ред.) ауыстыру ережелерімен қабылданбағанын хабарлаған, сондай-ақ министрлік прокуратураға Кіші Талдыкөлдің батпақты-сулы жерлерін сақтауға көмектесу туралы хат жазатынын айтқан еді. Ал, қазір министрліктің өзі сол ережені бұзып отырғандай ма? Әйтпесе,  жылдан аса қоғамдық талқылауға ұласқан Кіші Талдыкөлдің тағдыры ғылыми тұрғыдан мақұлдаусыз, зерттеусіз, арнайы мамандардың құптауынсыз неге «жабық кабинетте» қаралып, мақұлданады?» - деп жазады SOS Taldykol қозғалысының активистері әлеуметтік парақшаларында.

Олардың айтуынша көл аумағының бұрынғы орындарында көму жұмыстары қайта басталған.

Айта кетейік, SOS Taldykol қозғалысының мүшелері Кіші Талдыкөл көлдерін сақтап қалу үшін мәселе көтеріп жүр. Олардың айтуынша көл тартылмайды, жер асты суларымен толып отырады, оның аймағында құрылыс жүргізу, көму елорданың сол жағалауын су басуына әкеледі. Қозғалыс мүшелері тағы да көл аймағының тарихи, мәдени, экологиялық құндылығына тоқталып, қызыл кітапқа енген құстардың мекен ететін ортасы екенін сөз етеді. Талдыкөлдіктер көлді көмуді тоқтатуын, тәуелсіз зерттеу жүргізілуін, қоғамдық пікірге құлақ салуын талап етеді. Астана әкімдігі құрылыс барысын тоқтатуды қаламайды, Кіші Талдыкөлдің тағдырын қоғамдық талқыға салғысы келмейді. Олар көлдің «су қабатын» сақтауға уәде еткенмен, бұл экобелсенділердің қарсылығын күшейтіп жатыр. Жасанды жағдай көлдің экожүйесін бүлдіріп, көлдің жойылуына әкеп соғады дейді.

фото: Сәкен  Ділдахмет

Байланысты жаналықтар

Ақорда «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты (ВИДЕО)

23.03.2024

АЛТЫН ӨНДІРЕТІН АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ АЛАҢДАТАДЫ

15.02.2024

«Жасыл Қазақстан» экологиялық ахуалды жақсартады

23.05.2023

Солтүстік Қазақстанның Тереңкөлінде балық қырылды

26.04.2023

SOS Taldykol пожаловалось на Кульгинова международным НПО

15.12.2022

Генпрокуратура отстранилась от проблем Малого Талдыколя

28.10.2022
MalimBlocks
Ақорда «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты (ВИДЕО)

АЛТЫН ӨНДІРЕТІН АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ АЛАҢДАТАДЫ

Бестөбеліктердің тыныс-тіршілігін мұндағы «Алтын алмас» компаниясы иелік ететін кеніштен бөліп қарау қиын

«Жасыл Қазақстан» экологиялық ахуалды жақсартады

Солтүстік Қазақстанның Тереңкөлінде балық қырылды

Балықтың қырылғаны жайлы хабар WhatsApp арқылы түскен

SOS Taldykol пожаловалось на Кульгинова международным НПО

Инициативная группа SOS Taldykol и Экологическое общество «Зеленое спасение» просят поддержки у участников Всемирного саммита СОР-15 по биоразнообразию и международных НПО. Соответствующее обращение они распространили в четверг, 15 декабря.

Генпрокуратура отстранилась от проблем Малого Талдыколя

На днях Генеральная прокуратура выпустила сообщение о столичных озерах Малый Талдыколь. Как отметил исполняющий обязанности генпрокурора Тимур Ташимбаев, «обозначенная проблема находится на контроле комитета по управлению земельными ресурсами и после завершения судебных разбирательств будет рассмотрен вопрос реагирования на сложившуюся ситуацию». Член правления в Коалиция корпоративных юристов Aqiqat Шынгыс Темир, считает, что, выразив такую позицию, прокуратура просто решила остаться в стороне.