Арон Атабек пен Заманбек Нұрқаділовке "Халық Қаһарманы" атағы берілмек

Айшолпан КЕРІМ

  • 20.10.2021

Тәуелсіздіктің отыз жылында елге еңбегі сіңген азаматтарға 25 қазан күні құрмет көрсетілмек. Бүгін Алматыда баспасөз конференциясын өткіген жазушылар мен қоғам белсенділері тізімді оқып, халық ұсынысына құлақ асуға дайын екендерін жеткізді. Тізімге сәйкес, Шаңырақ оқиғасынан кейін он сегіз жылға сотталып, жақында бостандыққа шыққан Арон Атабек пен саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке «Халық Қаһарманы» атағы берілетіні белгілі болды.

«Отыз жыл ішінде мемлекет отыз бір азаматқа осы атақты берді. Бірақ халық ол отыздықтан тек Тоқтар Әубәкіровті біледі, басқасын ешкім білмейді. Себебі ол атақты халық берген жоқ. Кезінде Қабанбай мен Бөгенбайға батыр атағын халық өзі берген, сол себептен олар әлі күнге есте тұр. Осылай болмас үшін біз сүйіншімізді сұрай отырып, 25 қазан күні алаңға шығып халық атынан азаматтарға арнайы аталымдар бойынша атақ бермекпіз» - деді қоғам белсендісі Жанат Қазақбай.

«Атажұрт» қоғамдық бірлестігі атынан сөз сөйлеген Қыдырәлі Оразұлы тізімді толық оқып, Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Тоқтар Әубәкіров пен Арон Атабекке «Халық Қаһарманы» атағын, Макс Боқаев, Қуат Ахметов пен Руза Бейсембайқызы, Дулат Ағаділге «Халықтың хас батыры» деген атақ берілетінін айтты.

«25 қазан күні Тәуелсіздік алаңында осы отыз жыл ішінде ел үшін еңбек еткен асыл азаматтырымызды мемлекет елеп-ескермесе де, халық атынан атақ беріп, құрмет көрсетсек деген ойымыз бар. Халықтан сұрағалы отырған сүйіншіміз осы еді. Осы ұсынысты халық қалай қабылдағанына қарай, 25 қазан күні алаңда жариялайтын боламыз», - деді ол.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады