Қытайда қайтадан карантин енгізілді

Айшолпан КЕРІМ

  • 27.10.2021

Қытайдың солтүстік-батысындағы 3,5 миллионға жуық тұрғыны бар Ланчжоу қаласы коронавирус індеті тарауына байланысты карантинге жабылды. Қала тұрғындарына аса маңызды қажеттілік болған жағдайда ғана үйден шығуға рұқсат етіледі.

Ауру тарау көрсеткіші өзге елдерден әлдеқайда төмен болса да, Қытай билігі індетпен белсене күресуде. Жаңа шектеу шаралары сейсенбі күні ел бойынша 29, ал Ланчжоуда 6 адамнан індет анықталған соң енгізілді. Қазіргі уақытта билік тұрғындардың қалаға кіріп-шығуын қатаң қадағалап, азық-түлікті қашықтан жеткізу ғана рұқсат етілді.

Қаулыға сәйкес, такси мен қоғамдық транспорт та уақытша жұмысын тоқтатты, 70-ке жуық темір жол қатынасы рейстері тоқтатылды. China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі журналистерге Пекин мен Ланчжоу арасындағы барлық әуе рейстері кейінге қалғанын жеткізді.

Айта кетейік, Қытайда індеттің кең тарауы соңғы рет Дельта штаммымен байланысты болған еді: 17 қазан күні бірден 198 жағдай тіркелгені айтылды.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks