Алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйым барлық ауылда болмақ

Malim Админ

  • 16.10.2021

2025 жылға дейін ауылды елдімекендер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Ал халықтың медициналық қызмет сапасына көңіл толу деңгейін 80 пайызға жеткізу үшін бірқатар іс-шара қолға алынады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таныстырған "Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" атты ұлттық жоба осы және басқа міндеттерді көздейді. Жақында президент Қ.Тоқаев бекіткен он ұлттық жобаның қатарында осы жоба да бар.

Ұлттық жоба 2021-2025 жыл аралығында іске асуы тиіс. Ол төрт бағыттан тұрады. Бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға, үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына, ал төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында аяғы ауыр әйелдер мен балалар денсаулығы басты назарға алынған. Атап айтқанда, аяғы ауыр әйелдерді жеке және дисциплинааралық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Ал балаларға скринингтер жүргізіледі. Сонымен қатар балаларға арналған сегіз реабилитация орталығы мен аймақтарда балалар денсаулығын ерте қолдан алатын үш орталық жұмысын бастайды. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін үш есе арттырады.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты аясында шалғайда жатқан елдімекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдармен 100 пайыз қамту қарастырылған. Бұл орталықтан алыс жатқан ауылдардың бәрінде алғашқы медициналық көмек көрсететін мекемелер түгел ашылады, науқастар дәрігерлік көмек үшін орталыққа барып, уақыт құртпайды деген сөз.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту қарастырылған", - дейді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сонымен қатар пандемия еліміздің денсаулық сақтау жүйесі эпидемология мен вирусология саласындағы мамандардың тапшы екенін көрсетті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін аса қажет медициналық мамандықтарға бөлінетін грант 3080-ге өседі.

Жалпы, ұлттық жоба президент жолдауындағы тапсырмалар, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы мен денсаулық сақтау концепциясына негізделіп жасалған. Бұл үш құжат та отандық фармацевтика саласын дамытуға көңіл бөлген.

"Жергілікті фармацевтикалық нарықта отандық дәрі-дәрмектің үлесі 50 пайызға жетеді. Ал жергілікті өнімді бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу көлемі 50 пайызға жетеді. Дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын 30 өндіріс орны іске қосылады", - дейді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ұлттық жобада айтылған міндеттер іске асқан жағдайда адамның өмір сапасы жақсарып, өмір сүру жасының орташа ұзақтығы 75 жасқа жетуі тиіс.

Фото: egemen.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады