Балаева Фейсбук мәлімдемесіне жауап берді

Айшолпан КЕРІМ

  • 02.11.2021

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook Қазақстанның «зиян контентті хабарлау» туралы мәлімдемесін жоққа шығаруына қатысты түсініктеме жасады.

“Бұқаралық ақпарат құралдарында "Meta" ("Facebook") компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік офисімен жүргізді.

1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жариялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын”, - деп жазды министр.

Айта кетейік, кеше Ақпарат министрлігі Қазақстан билігі Facebook желісінің ішкі жүйесіне кіріп, өзі зиян деп тапқан контентті хабарлауға эксклюзив мүмкіндік алғанын айтқан еді. Министр тіпті Қазақстан Орта Азияда бұл жүйеге рұқсат алған алғашқы ел екенін атаған.

Алайда Reuters Meta Platforms (Facebook) компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша саяси коммуникация бөлімінің директоры Бен Макконахи екі тарап арасында келісімшарт жасалмағанын айтты деп хабарлады.

«Біріншіден, біз қазақ үкіметімен ортақ мәлімдеме жасаған жоқпыз. Қазақстан биліктің жергілікті заңды бұзатын контенттерге тыйым салу туралы өтініштері бойынша өткен ғаламдық талқылау негізінде өзі мәлімдеме жасады», - деп жазды Макконахи.

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы