Сот корпусына іріктеу талаптары күшейеді

  • 09.10.2021

Соңғы жылдары сот корпусын сапалы кадрлармен қамту, судьялықтан үміткерлерге қойылатын талапты күшейту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Өйткені саланың алға басуы, халықтың сенімін қалыптастыру судьялардың кәсіби біліктілігіне, біліміне тікелей байланысты. Сондықтан сот кадрларын іріктеуге ғана емес, судьялардың тәжірибесін шыңдап, шеберлігін арттыруға да тұрақты көңіл бөлінуде.

Мен де осы біліктілікті арттыру курсынан өткен судьяның бірімін. Қашықтан оқыту форматында білім алған кезімде Сот төрелігі академиясының спикерлері екі апта оқыту дәрісін өтсе, қалған екі аптада Жоғарғы Сот судьялары тәжірибемізді шыңдады. Әсіресе жаңа сотқа іріктелген судьялардың білімін көтеруге айрықша ден қойылды. Соған орай әкімшілік әділет ұғымы және оның мәні; әкімшілік рәсімдер мен іс жүргізу қағидаттары; талап қоюлардың ұғымы мен түрлері; процестік мәжбүрлеу шаралары; әкімшілік рәсімдер мен іс жүргізуге қатысушылар; әкімшілік сот ісін жүргізу; әкімшілік істердің соттылығы; сот шешімі және шағымдану тәртібі және басқа маңызды тақырыптар оқу үрдісінің негізі болды. Оқудың әр аптасы қорытындыланып, өткен тақырыптар бойынша арнайы ауызша емтихан тапсырылды. Жеке мен үшін бұл оқыту мол нәтиже берді, өйткені бұл бізге ӘРПК нормаларының мазмұны мен мағынасын егжей-тегжейлі түсінуге, сонымен қатар әкімшілік әділет жүйесін енгізудің өзектілігін ұғынуға мүмкіндік берді.

«Қазіргі таңда жеке тұлға мен мемлекеттік орган арасында туындаған дауларда, шын мәнінде, мүмкіндіктер мен ресурстардың өлшемсіздігі орын алып отыр» деген Президент пікірі шынның жүзі. Менің және әріптестерімнің пікірінше ӘРПК-де көзделген соттың белсенді рөлі қағидаты лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне дау айту кезінде тараптардың теңсіздігін жояры хақ. Әрекеттерінің заңдылығын дәлелдеу мемлекеттік органның міндеті болмақ.

Демек, сот ӘРПК-нің нормаларына сүйене отыра әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтініштерімен, олар ұсынған дәлелдер мен дәлелдемелермен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты жағдайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге міндетті. Атап айтқанда, судьяның әкімшілік істің мән-жайлары бойынша өзінің құқықтық пікірін айтуға құқылы екені мен үшін маңызды. Бүгінгі таңда Азаматтық процестік кодексінің шеңберінде, әсіресе, жария-құқықтық дауларды шешуде бұған жол берілмейді, өйткені тараптардың бірі «сот екінші тарапқа қолдау білдірді» деген уәж айтуы мүмкін. Ал ӘРПК нормаларын қолдану арқылы сот өз бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың дәлелді өтініші бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинауға құқылы.

Бұзылған немесе қалпына келтірілуі тиіс құқықтардың мәніне қарай, ӘРПК-де талап қоюдың бірнеше түрі көзделген: дау айту; тану; іс-әрекет жасау; мәжбүрлеу. Оқу үрдісінде талап қоюдың әрбір түрі нақты кейстер арқылы, оған қоса халықаралық тәжірибені ескере отырып егжей-тегжейлі зерделенді. Мұндай тәсіл, әрине, тәжірибеде бұрын белгісіз болған талап түрлерінің ара-жігін ажыратуға оң әсер етеді.

Сонымен қатар, процестік мәжбүрлеу шаралары институтын енгізу арқылы жауапкершілікті күшейту және мемлекеттік органдардың тәртіпті сақтауынқамтамасыз етудің маңызды элементіне дәріс барысында ерекше назар аударылды. Заңнама оның мынадай түрлерін бекіткен: ескерту; сот залынан шығару және ақшалай өндіріп алу. Әсіресе ақшалай айыппұл салудың негіздері нақты көзделген. Мұның барлығы істегі соттың рөлін күшейтудің арқасында мүмкін болып отыр. Өйткені, ӘРПК сотқа талап қоюдың құқықтық негіздерін және даудың мәнін нақтылау, дәлелдемелердің қажетті тізімін талап ету, соттың өз бастамасы бойынша тиісті жауапкерді ауыстыру арқылы талап қоюшының мемлекеттік органға қатысты ұстанымын күшейту құқығын берді.

Оқу үрдісінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен түрлі тренингтер мен вебинарлар ұйымдастырылып, жаңашылдықты тереңірек меңгеруге мән берілді. Мұндай іс-шаралар қызығушылық тудырады, өйткені басқа елдердің тәжірибелі сарапшылары мен судьяларының әкімшілік әділет институты бойынша жинаған тәжірибесі біз үшін қызық. Өзге елдер тәжірибесімен танысу біз үшін өте пайдалы, өйткені біздің еліміз үшін «әкімшілік әділет» жүйесі жаңа бастама. Сондықтан ӘРПК нормаларын қолдануда әкімшілік әділет институты жақсы жұмыс істейтін мемлекеттер тәжірибесінің бізге берері көп. Дәрістен түйгенімді мен әлеуметтік желідегі парақшаларым арқылы көпшілікке жеткізуге тырыстым. Онда «Әкімшілік процестің қағидаттары мен қатысушылары»; «Әкімшілік актіге сотқа дейін шағымдану» тақырыбында GIZ вебинары, «Жазбаша институт жүргізу», «Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот өндірісінің қағидаттары» тақырыбына семинар, «Процестік мәжбүрлеу шаралары», «Тиісті емес жауапкерді ауыстыру»; Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған ӘРПК-ні түсіндіру бойынша тренингтер туралы жазып, талқыланып отырған тақырып төңірегінде әріптестеріме біршама ақпарат беруге күш салдым.

Жария-құқықтық дауларды қарау рәсімі сот жүйесінің маңызды бағыты болып табылады. Ел азаматтары үшін аса маңызды болғандықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет назар аударып, құзырлы орындарға тапсырма жүктеді. Осы орайда «әкімшілік әділет» жүйесін енгізіп қана қоймай, мұндай дауларды шешудің заңнамалық тетігін үздіксіз жетілдіру өзекті.

Бұл мақалада ӘРПК-де қарастырылған жаңалықтардың маңызды бөлігі сөз етілді. Оларды зерттеу, зерделеу қазірдің өзінде жария-құқықтық дауларды қарау барысында жаңаша бағытта жүзеге асары сөзсіз. Жария-құқықтық дауларды қарауда жаңаша бағытты ұстану кадр мәселесімен тығыз байланысты. Бұл бағытта судьяларды іріктеуден бастап, олардың жауапкершілігін арттыру шаралары өз өзектілігін жоғалтпауы тиіс. Осы орайда, судьяларды жаңа бағытта жұмыс істеуге дайындау бойынша Жоғарғы Соттың Сот төрелігі академиясы мен халықаралық ұйымдардың бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмысы көп қзамай оң нәтижесін берері күмәнсіз. Оған қоса, ағымдағы жыл Жоғарғы Соттың бастамасымен «Болжамды сот төрелігі және Әкімшілік әділетті енгізу жылы» деп жарияланғанын естен шығармауыз керек. Ендеше, биылғы жыл әкімшілік әділет институтын жандандырудағы ең өнімді жыл болары анық.

Рсалды Какишева

Шығыс Қазақстан облысы

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

 

 

Байланысты жаналықтар

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

20.11.2023
MalimBlocks
В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

Ухудшение социально-экономического положения в странах Центральной Азии на фоне войны в Украине снова стало поводом для обсуждения возможности экономической интеграции. В среду, 15 ноября, эксперты Central Asian Think Tanks Forum, организованного PaperLab в Астане, размышляли, как нашим странам стоит объединять усилия, чтобы наконец перестать быть объектом геополитических и экономических интересов мировых держав и становиться самодостаточным регионом.