Ақтауда жарылыс болды (видео. ақпарат толықтыруда)

  • 07.11.2021

Бүгін кешке Ақтау қаласында жарылыс болды. Оқиға орнына дереу жеткен тілшіміздің хабарлауынша,  29 шағын ауданында монша мен көлік жөндеу станциясы орналасқан екі қабатты ғимаратта жарылыс болған.  Болжам бойынша, жарылыс газдан шыққан. Адамдардың зардап шеккені-шекпегені әзірге белгісіз. Жарылыс аймағын дәл қазір төтенше жағдай қызметкерлері қоршап тұр.  Тілшіміздің айтуынша, олар қазір газ өшірумен айналысып жатыр. Және жарылыстан топыраққа айналып кеткен үйіндіні тазарту жұмыстарын бастамақ.

Ал жарылыс маңындағы тұрғындар тілшімізге оншақты жедел жәрдем көлігінің оқиға орнына келіп кетіп жатқанын айтқан. Соған қарағанда жарылыстан зардап шеккендер баршылық. Дегенмен, әзірге зардап шекендерге қатысты ешқандай ресми мәлімет таратылған жоқ. 

 

Бірінші ресми хабарды Маңғыстау облыстық әкімдігіне қарасты қоғамдық коммуникация орталығы таратты.  Олардың айтуынша, дәл қазір Ақтаудағы жарылыс аумағында 18 техника мен 50-ге жуық қызметкер жұмыс істеп жатыр. 

Ресми дерек бойынша, Ақтауда 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.18 минутта 29 «А» шағынауданындағы «Шерқала» кешенінде орналасқан екі қабатты дәмханада жарылыс болған.

«Маңғыстау облыстық төтенше жаңдайлар департаментіне жергілікті уақыт бойынша сағат 21.18 минутта 29 «А» шағынауданындағы «Шерқала» кешенінде орналасқан екі қабатты дәмханада белгісіз жағдайда жарылыс болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Бірден оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жетті. Қазір жарылыстың себебі мен бүлінген аумақ және шығын көлемі анықталуда»,- деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының  бас маманы Мақсат Шапқатов.

Байланысты жаналықтар

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

22.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

05.03.2024

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

04.03.2024

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам табылды

01.03.2024

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

24.02.2024
MalimBlocks
Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан

Құқық қорғау органдары қызметкерлері видеодағы ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Ақтаулық спортшы қызды зорлап, өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

Валерияның туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін мойындамаған.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Кездесуде облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам табылды

Іздеу кезінде дрон қолданылған. 

Қысым көрсетіп, алдап ереуілге шақырған

Заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, өздерінің еңбек міндеттеріне кірісті