“Ревакцинация жасатамын” - Мамин

Айшолпан КЕРІМ

  • 15.11.2021

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы ревакцинация жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Міндетті түрде ревакцинация жасатамын. Тіпті осы аптада немесе келесі аптада алуға тырысамын. Маусымда бірінші «Спутник V» вакцинасын алдым, қазір Pfizer, біздің QazVac және қытай вакциналары бар, тізім кеңейді. Кеңес аламын, әлі шешпедім. Алғашқы вакцинациядан кейін 6-8 ай қажет», – деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДенСауМин Қазақстан халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп, азаматтарды коронавирусқа қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірлегені туралы хабарлаған болатын.

 

Ревакцинацияны 6-9 айдан кейін жасау ұсынылады, оның ішінде:

Векторлы вакцина (Спутник) салдырғандарға - 9 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салу ұсынылады;

Инактивтелген вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) салдырғандарға - 6 айдан кейін векторлы (Спутник) немесе м-РНҚ-вакцина (Pfizer) салдыру ұсынылады;

Pfizer салдырғандарға - 6 айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы (Спутник) вакцина салдыру ұсынылады;

Екі кезеңдік вакцина курсынан кейін коронавирус жұқтырғандарға - аурудан айыққаннан кейін үш айдан соң салдыру ұсынылады.

Байланысты жаналықтар

«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

28.03.2024

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

28.03.2024

Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

28.03.2024

Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді

28.03.2024

Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден бір түнде 150 адам құтқарылды

28.03.2024

Алматы орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды

28.03.2024
MalimBlocks
«Ресейдегі теракт»: ІІМ Қазақстанның сауда орталықтары тексерілетінін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін еліміздегі адам көп жиналатын орындар жоспарлы түрде тексерулерден өтетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

Тікелей эфирде Владимир Путинге боғауыз айтқан павлодарлық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлия Назарбаеваның зауыттарының «тағдыры» жақында шешіледі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта зауыттар мемлекеттік мүлік комитеті құзырында, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе әуежайының жұмысы қалпына келтірілді

Еріген қар суы басып қалған Ақтөбе әуежайының жұмысы жанданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден бір түнде 150 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қостанай облысындағы су басқан елді мекендерден 150 адам құтқарылды. Олардың 63-бала.

Алматы орталығындағы саябақ мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.