Дәурен Абаев: Жамбыл жырлары ұлы істерге үндейтін ұранға айналған

  • 19.11.2021

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференция өтіпті.  Оған ҚазАқпараттың хабарлауынша, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қатысып, сөз сөйлеген.

«Жамбыл жырлары – отансүйгіштікті оятып, ұлттық деңгейдегі ұлы істерге үндейтін ұранға айналған. Дала Гомерінің отты жырлары қиын сәттерде тек бізге ғана емес, өзге де көптеген халыққа серпіліс сыйлады. Оның «Ленинградтық, өренім!» өлеңі екінші дүниежүзілік соғыстың бейресми әнұраны десек, артық айтқандық емес. Фашистік басқыншылармен күресте әрбір жауынгер өлең жолдарын жүрегінде сақтады. Жыр алыбы қазақтың асқақ рухы мен ерлік даңқын әлемге әйгілеп, ХХ ғасырдағы аса ауыр сынақтардан еңсесі түскен туған халқына үміт берді. Сол үміт аталарымыз бен әкелерімізді жеңіске жетеледі, ұлтымызды егемендікке бастады», - депті  президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

Оның сөзінше, Жамбыл жырлары жалпы адамзатқа ортақ құндылықтармен үндесіп, әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған. Өлеңдері 50 тілге аударылып, әлемдік әдебиеттің алтын қорына қомақты үлес қосқан. «Оның жыр-дастандары адамзат тарихындағы танымал ақыл-ой иелерінің таным-түсінігімен тамырлас. Жамбылдың рухани мұралары әлі де болса қазақы түсінік тұрғысынан терең бойлап, егемен елдің көзімен қарауды, жан-жақты баға беруді қажет етеді. Азат көзқарастың бір тармағына ақынға сыртынан таңылған өлеңдер мен сөздерді анықтап, оларды саралау жұмыстары да жатады. Бұл – отандық жамбылтану саласының алдында тұрған үлкен міндеттің бірі», - депті Д.Абаев.

 

Байланысты жаналықтар

Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

01.06.2022

Сахнаға мас күйінде шыққан жұлдыздарға қандай жаза қолданылады? - Абаев жауап берді

01.06.2022

Д.Абаев: Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін...

21.10.2021

Абаев: Билікті сынауға болады

21.05.2021

Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджанмен ұшуға дайын

01.11.2020

"Дариға әлі-ақ қайтып келеді"

05.05.2020
MalimBlocks
Арыстанбек үшін Абаевтың оставкаға кетуі мүмкін бе?

Сахнаға мас күйінде шыққан жұлдыздарға қандай жаза қолданылады? - Абаев жауап берді

Д.Абаев: Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін...

Абаев: Билікті сынауға болады

Мұхамедиұлы ғарышқа Мұхамеджанмен ұшуға дайын

"Дариға әлі-ақ қайтып келеді"