95 мың жұмыссыз адам әлеуметтік төлем алған

  • 24.11.2021

Қалай айтсаңыз да, коронавирус пандемиясы елге оңай тиген жоқ. Алдымен локдау, артынша карантиндік шектеулер көптеген мекемелерде жұмыс орнының қысқаруына әкеліп соқты. Қаншама жеке кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Және бұл әлем бойынша белең алған үрдіс болды. Өйткені, шекаралар жабылды, барыс-келіс, алыс-беріс тоқтады. Нәтижесінде, көптеген елдерде жұмыссыздық көрсеткіші еселеп артты. Мұндайда, әрине, халқына жаны ашитын мемлекеттің бәрі мүмкіндігінше жұмысынан айрылған, табыс көзі шектелген азаматтарын қолдауға тырысып жатты. Қазақстанда да алғаш рет локдаун жарияланып, қалалар түгілі, ауыл-ауылдың арасына блокпосттар қойылғанда, жұмыссыз қалған қаншама адамға арнайы әлеуметтік көмек ретінде бір реткі жәрдемақы тағайындалды. Бұл бастаманың екінші айда тағы жалғасқаны есімізде. Одан кейін, карантиндік шаралар біртіндеп жеңілдетіліп, жұрт әдеттегі тіршілігіне кірісе бастады. Дегенмен, табыссыз қалғандарды назардан тыс өалдыруға болмайтын еді. Осының нәтижесінде елімізде бұрыннан жәрдемақы алып келе жатқандардан бөлек, жұмыссыздық бойынша жаңадан тіркелген азаматтар мен отбасылар мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау көріп келеді.

Биылғы, яғни, 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 94,9 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алған. Және бұл бір реткі ғана емес, 1 айдан 6 айға дейін төленіп тұрған. 95  мыңға жуық адамның 70,2 мыңы алғаш рет тіркеліп, әлеуметтік төлем алған. Заңнамаға сәйкес, жұмысынынан айрылғандар жоғалған кірістің 40 пайызына дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қарадаты есебінен өндіріп алады. Осының өзі біраз нәрседен хабар берсе керек.

Алғаш 42 500 теңге жыры басталғанда, көпшілік онлайн түрде өтініш бере алмай қиналған. Бұл жағы қазір қалай жүзеге асып жатыр?  Жалпы, алғашқы кезеңдегідей емес, онлайн тіркеуден өту біршама оңтайландырылғанын айта кету керек. Ол үшін жұмыстан босатылған жұмыскер eGov.kz порталында тіркелсе болғаны. Оның ішіндегі «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау арқылы, онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жібереді. Бұдан ары жұмысынан айрылған адамға тұрғылықты мекен-жайындағы халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын қарастырады және ұсынады. Егер бір күн ішінде жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі беріледі. Бұл қызметтің бәрі қашықтықтан жүргізіледі. Жұмыссыз тұлғаға арнайы қызметкерлер хабарласып, кейбір жағдайларды нақтылауы мүмкін, дегенмен, қажет болмаған жағдайда жұмыссыз мәртебесін онлайн түрде алу мүмкіндігі жоғары.

Бұдан ары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі SMS-хабарлама жіберу арқылы төлемді автоматты түрде тағайындайды. Бұл төлем «МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған».

Демек, бұл әлеуметтік төлемдер 1 ай мен 6 ай аралығында жұмыс іздеушіні уақытша қолдауға арналған. Яғни, жұмыссыз адам өзі де, жұмыспен қамту орталықтары да екі жақтап лайықты жұмыс іздейді және ұсынады. Бұл жұмыссыз қалған адамның қызметке тұрып алғанша әлеуметтік қиындықтарға ұшырамауы үшін өте маңызды. Былай қарағанда 94,9 мың адам соншалық үлкен көрсеткіш те емес. Мұның тағы бір себебі жоғарыда айтылған жұмыспен қамту орталықтарының тиімді қызметі деуге болады. Өйткені, бұған дейін бұл орталық арқылы екі қолға бір күрек дейтіндей жұмыс тауып, табысын қалыпқа келтіргендер аз емес.  Және соның көпшілігі кеңседен кеңсе тоздырып, елдің есігін қағып жүрмейді, орталыққа арнайцы онлайн қызмет арқылы өтініш береді, ары қарай жұмыс мәселесінің шешілуін күтеді.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 10 ай ішінде (1 қарашадағы жағдай) 584 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысқан. Оларға 689,2 мың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жүргізіліп, 434,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 315,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған. Демек, жоғарыдағы 95 мыңға жуық адам осындай жұмыспен қамту процестері кезінде әлеуметтік төлем алған. Бәлкім, келер жылы жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігі мен оңтайланған қызметі нәтижесінде мұндай әлеуметтік төлем алушылар саны азая түсетін шығар деп сенуге болады.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады