Ресей прокуратурасы Қазақстан дәрігерін қылмыстық іске тартуды құп көрді

Айшолпан КЕРІМ

  • 02.12.2021

Ресей заңы жүретін Байқоңыр кешенінің прокуратурасы қаладағы көпсалалы аурухананың бұрынғы бас дәрігерінің үстінен қозғалған істі заңды деп таныған. Байқоңыр прокуратурасы сайтының хабарлауынша, аурухананың бұрынғы бас дәрігері Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 160 бабының 3 тармағын (өзгенің мүлкін заңсыз иелену, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) бұзған. Тергеу ісі бойынша, бұрынғы дәрігер 2020 жылдың желтоқсан айында қызметін асыра пайдаланып, өзіне 2 миллион 500 мың теңге (465 рубль) сыйақы тағайындап алған. Тергеу шаралары әзірге аяқталмаған.

Айта кетерлігі, Байқоңыр қаласындағы осы ауруханада Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты. Дегенмен, «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алып отырған Ресейдің заңы Байқоңыр қаласына да жүреді.

Осы тақырыпқа қатысты мына мақаланы оқыңыз: Байқоңырда дәрігерлер жұмысқа шықпаймыз деп жатыр

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks