Қ.Тоқаев: Індет тараған кезде халқымыз ұлт болып ұйысудың озық үлгісін көрсетті

  • 03.12.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайырымды істер марафонына қатысушыларды құттықтады.

«Қадірлі достар! Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Қайырымды істер марафонының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеп, көпшілікті жақсылық жасауға жұмылдыратын жалпыұлттық жоба. Мерейлі жылда елімізде қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылуда. Осы марафон – соның жарқын мысалы!» - делінген президент құттықтауында.

Ол бастаманы бір жылдың ішінде 3 миллион отандасымыз қолдағанын айтты.

15 мыңнан астам қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 200 мың адамға көмек берілді. Мұның бәрі Волонтер жылындағы игілікті істер жалғасын тауып, дәстүрге айналғанын көрсетеді. Әлемге індет тараған кезде халқымыз ұлт болып ұйысудың озық үлгісін танытты. Жомарт жандар карантин шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жұртқа қолынан келген көмегін аяған жоқ. Өз қаржысына дәрі-дәрмек мен медициналық құрал-жабдық алып берген азаматтар да аз емес. Шын мәнінде, қиындыққа тап болған адамға қамқорлық жасау – қанымызда бар қасиет - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент баспанаға мұқтаж жүздеген отбасына қуаныш сыйлаған «AsarUme», «Қарекет» қорларының қызметі жоғары бағалауға лайық екенін айтты.

Мерейтойлық марафон аяқталғанымен, көпшілікке шарапаты тиетін қайырымды істер жалғаса береді деп сенемін. Жұртқа жанашырлық танытып, халыққа қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы