Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді.

Айшолпан КЕРІМ

  • 22.01.2022

Алматы қаласына «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді. 

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді.

Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинацияға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған. Вакцина халыққа 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында  қолжетімді болады. 

«Алматыда ревакцинацияға арналған мынадай вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады» делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында. 

Айта кетейік, ревакцинация вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас. 

Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін мына вакциналар қолданылады: QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax, Соронавак, Sinopharm, Comirnaty Pfizer/BioNTech.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks