Депутат дәрігерлер халықты емдей ме?

Олжас Қасым

  • 18.03.2020

Депутат-дәрігерлер коронавирусқа қарсы күреске жәрдемдесе ме? Белгілі қоғам қайраткері, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт ТҮМЕНОВА парламенттегі дәрігерлерді кәсіби қызметіне шақырған болатын.

МӘЛІМ.КЗ сайты дәл қазіргі уақытта қоғамға өте-мөте қажет депутат-дәрігерлердің тізімін жасап көрді. Сөздің шыны керек, депутаттардың қоғамнан тым алыс һәм сенім лимитінен айрылғаны баршаға аян.

Өрт шыққанда бас үйітіп алыпты деген әңгіме емес, әлемді әбігерге салып жатқан індет кезінде дәрігер-депутаттарымызға үшін нағыз халық қалаулысы атану мүмкіндігі туды. Бірақ, бірінші Бақыт Түменованың сөзін еске түсірсек.

«Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ 2019 жылы соңғы есеп беру коллегиясында республика бойынша 4 мыңға жуық дәрігер жетпейді деген. Мына тарап жатқан індет кезінде дәрігерлердің жетіспеушілігі жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан да ЖОО-да сабақ беретін және депутат-дәрігерлерді коронавирусқа қарсы күреске жұмылдыру керек», - деген Түменова КазТАГ  агенттігіне берген сұхбатында.

Сенат депутаттары арасында медициналық білім алғандар жоқ екен. Ал мәжілісте «Nur Otan» фракциясында үш бірдей дәрігер-депутат бар.

Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зәуреш АМАНЖОЛОВА Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін аяқтаған. Алматы қалалық Перинаталдық орталық директоры, Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған. Медицина ғылымының докторы, «Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Гиппократ» орденінің иегері. Атақ-даңқы бір басынан асқан, өз саласының үздігі Зәуреш ЖҰМАНӘЛІҚЫЗЫНЫҢ дәл қазір қоғамға көмегі қажет-ақ.

Нұротандықтардың сапында Иван КЛИМЕНКО дегенде депутат-дәрігер бар. Ол да мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтты дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Омбы мемлекеттік медициналық академиясында фармация мамандығы бойынша білім алған.

Парламенттің төменгі палатасының экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде Құралай ҚАРКЕН атты депутатымыз бар. Құралай ӘНУАРҚЫЗЫ И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу институтын бітірген. Депутат болмай тұрып Ақтөбе қаласының СЭС дәрігер-эпидемиологы, Ақтөбе қаласының СЭС тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер болып жұмыс істеген.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2020 жылдың басында мәжіліс төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИНДІ қабылдаған кезде «әрбір нұротандық депутат  халыққа бет бұрып, олардың мұң-мұтажымен өмір сүру керек» деген еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырған. 19 наурыздан бастап Алматы мен астанада карантин. Бұл індет әлемнің 154 мемлекетінде тараған.

Фото: nurotan.kz

 

Байланысты жаналықтар

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

03.04.2021

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

27.10.2020

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

26.10.2020

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

25.07.2020

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

17.07.2020
MalimBlocks
Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

Саша Коэн неге Қазақстанды әжуалағанын айтты

Нығматулин қайда болса, Махаев сонда

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»