Жастардың санасын улайтын есірткі

Malim Админ

  • 13.03.2020

Қазақстанның жарқын болашағы – жастар қолында. Осы бір сөзді жиі айтқан сайын, жастар сол болашақты қолдарына алуға қауқарлы ма деген сауал туады. Қазір әртүрлі әлеуметтік топтар бар. Деңгейлер бар.

Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны – 25 жастағы ер адамның үйінен 693 грамм есірткі  табылды. Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктінің пәтерінен жасыл түсті зат толтырылған 11 түйіншек пен электронды таразы тәркілеген. Химиялық сот сараптамасы жасыл түсті түйіншектердің ішіндегі заттың гашиш есірткісі екенін анықтаған. Пәтерге тінту жүргізген полицейлер керует астынан 12 калибрлі аңшы мылтығын тапқан.

Қазір күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық Кодекстің 297 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді облыстық полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашарина.

Қостанай облысында жыл басынан бері төрт келіден астам есірткі заттары тәркіленген.

Байқадыңыздар ма? Ұсталған азамат жиырма бес жаста. Жастардың толыққанды рухани-адамгершілік және ұлттық мәдени дамуын қамтамасыз ету, салауатты өмір  салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту, психикалық саулығын нығайту маңызды міндеттердің қатарында еді. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру процесіне кедергі жасайтын мәселелер қатары да жетерлік, атап айтқанда, толық емес отбасылар, материалдық және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар санының көбеюі, қоғамға жат әлеуметтік топтардың, діни секталардың қоғамда кең етек жаюы. Бұл мәселелер өз кезегінде қазіргі жастардың толыққанды дамуына кедергі келітіріп, бала психикасының тұрақсыздығына әкеліп соғады. Ал  психиканың  тұлғақсыздығы,  әсіресе өтпелі жеткіншектік кезеңде баланы түрлі жағымсыз әрекеттерге итермелейді. Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық  арасындағы  ең  жиі  кездесетіні әрі қауіптісі жеткіншектік жаста  психотроп-  ты заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психотропты заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбейіп жатыр. Жоғарыдағы Қостанай облысында ұсталған жас жігіттің әрекеті осының бір көрінісі.

«Есірткі мен психотропты заттарды қолдануды тәуелділік емес, мінез-құлықтың девиантты формасы   ретінде   қарастырған   жөн. Девиантты мінез-құлық формаларын қорытындылауда жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу маңызды», – дейді психолог С. Қыдырмолдина. В.С. Мухинаның пікірінше, жеткіншектік жаста тұлғалық сферада көптеген өзгерістер жүреді және жеткіншек интелектуалды дами бастайды. Е.П. Ильин жеткіншектердің эмоционалды сферасын зерттеумен айналысқан барлық ғалымдардың жұмыстарын қорытындылай келе, келесі тұжырымдар жасады: жеткіншектік кезең аса эмоционалды қозушаңдылықпен ерекшеленеді. Олардың көңіл-күйлері жиі ауысады, мінезқұлықтың жоғары аффективтілігі байқалады. Эмоционалды өзгерістердің кейбіреуі горномальді және физиологиялық өзгерістерге байланысты болып келеді. Жеткіншектік сезімі қарама-қайшы болып келеді. Сондықтан жастар осындай әртүрлі қадамдарға барып, опық жеп жатады.

Нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды қамтиды. Соңғы жылдары нашақорлар ЖҚТБ инфекциясын жұқтырудың негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы зор. Нашақорлық көптеген түрлі қылмыстарға итермелейді. Есірткілерге деген сұраныс оны коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны туғызады. Есірткілерді тарату мен нашақорлар қызметіне байланысты  басқа да қылмыс түрлері көбеюде. Егер есірткілік заттарды тәуліктік қабылдауға нашақордың қажеттілігі аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген қылмысқа баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты жоғалтады, сондықтан қылмыс істеуге әрқашан дайын. Нашақорлықтың салдарын бағалауда  күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса қауіпті. Жеңіл есірткілердің зиянын тұтынуға рұқсат етілген алкогольдік және темекі өнімдерінің салдарымен салыстыруға болады.

Бірақ қалай болғанда да есірткінің қай түрін болса да пайдаланып, сатқан адамға заң қатал. Бірақ біз оларды қоғамнан, ортамыздан итеріп тастамауыз керек. Оларды емдеп, қайта өз қатарымызға қоссақ қана, тиімді нәтижеге қол жеткізбекпіз.

Фото: qazdauiri.kz

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

18.04.2024

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

16.04.2024

СҚО азаматтары шұғыл түрде Қостанай өңіріне көшіріліп жатыр

15.04.2024

Су тасқыны: Қостанай облысында бүлінген 194 үйдің иелеріне жаңа баспана беріледі

12.04.2024

Су тасқыны: Қостанай облысында бөгеттер бұзылған жоқ

11.04.2024

Қостанай облысы: Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

10.04.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Қостанай облысында зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге ие болды

Жаңа қоныстанушыларды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, плазмалық теледидарлар мен кілемді сыйға тартты.

Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

СҚО азаматтары шұғыл түрде Қостанай өңіріне көшіріліп жатыр

Қазір өңірде судың әлі де үйлерді басу қаупі бар.

Су тасқыны: Қостанай облысында бүлінген 194 үйдің иелеріне жаңа баспана беріледі

Облыс әкімінің орынбасары облыстың оңтүстік өңірлерінде мал көп қырылғанын айтты.

Су тасқыны: Қостанай облысында бөгеттер бұзылған жоқ

Бүгінде облыстағы су қоймалары 90-100%-ға а толған.

Қостанай облысы: Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

Оған Жангелдин ауданының солтүстігіндегі Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп.