Никотинге әртүрлі жолмен байлану

Malim Админ

  • 23.03.2020

Қазақстанда снюз қолдануға ресми тыйым салынды. Наурыздың басында, нақтырақ айтсақ төрті күні мәжіліс отырысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде талқыланды. Соңғы кездері жастар арасында қолданыс аясы кеңейіп кеткен «снюс» атты темекі өнімін қолданудың соңы түрлі қайғылы оқиғаларға ұласыпты.

Снюз біздің қоғамға насыбайдың орнын алмастыратын зат ретінде кірді. Оны да еріннің жиегіне салып атасың. Әртүрлі дәмдік, иістік қоспалары бар снюзден ешқандай жағымсыз иіс шықпайды. Бірақ бағасы қарапайым насыбайға қарағанда қымбат. Ал оның зиянын ешкім біліп жатпады.

Ресми мәліметтер бойынша адам ағзасына кері әсерін тигізетін бір қалташа снюс құрамында 40 миллиграмм никотин бар екен. Бұл көрсеткіш екі қорап темекіге тең. Яғни снюсқа әуес жасөспірімдер зиянды заттың адам денсаулығына қаншалықты үлкен зарар әкелетінін ескермейді. Сондай-ақ оның есірткі тектес тәуелділік тудыратыны дәлелденген. Жаһандану заманының жаңа дерті талай жастың өліміне де себепші болғаны жасырын емес. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Швециядан өзге Еуропалық Одаққа мүше елдер снюстың өз елдерінде сатылуына 1992 жылы заңмен тыйым салған. Ал көршілес Ресей Федерациясында бұл заң 2015 жылы ресми күшіне енген.

Қазір Қазақстандағы снюз саудасы тоқтады. Арнайы сауда орындарында сататын дүкендер де жабылды. Бірақ насыбайға әлі тыйым болмай тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын осыған қатысты заң шыққан, бірақ оның арты да сиыр құймышақтанып кеткенге ұқсайды.

Насыбай – ұнтақ түріндегі никотин жинақтаушы өнім, жаратылысы «шұжыққа» ұқсас, кішкентай жасыл түйіршіктерден тұрады.  Жағымсы дәмі, мүңкіген иісі бар. Үйде оңай әзірленеді және құрамында өшірілген әк тасы, махорка, темекі, өсімдік күлі болады. Насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі тұздықтар мен дәмдеуіштер қосылады.

Насыбайды тұтыну да никотинге тәуелді етеді. Адамдардың физикалық денсаулығын әлсіретеді, бірінші кезекте тістердің бұзылуына, ауыз бен асқазан шырыштарын күйюіне, гастрит пен асқазан жарасының дамуына, арагідік естен алжасу жағдайларына алып келеді. Тіпті, қатерлі ісік клеаткаларын да оятады. Оны көп адам елемейді.

Насыбай құрамындағы қауіпті қорғасын, сынап, мырыш элементтері ерлердің бедеулігіне, көмей обырына, психиканың бұзылуына алып келуі мүмкін. Өзбек онкологиялық орталығының деректері бойынша «ауыз қуысы мен көмей ісік» ауруларының 80 пайызынан астамы насыбайды тұтынудан болады екен. Насыбай құрамына жануарлардың нәжістерін қосылады, ол әр түрлі формадағы ішек инфекциялары мен паразиттік ауруларды туындатады.

Бұған да елімізде нақты заңмен тыйым салып, снюс сияқты жоюымыз керек.

Фото: informburo.kz

Байланысты жаналықтар

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

13.03.2024

Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

12.03.2024

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

06.03.2024

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

05.03.2024

Адам құқықтарын қорғау бағытында жасалған нақты қадамдар

12.01.2024
MalimBlocks
Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

Ұсталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін.

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

Тек ресми түрде тіркелген табысы болса ғана кредит ала алады.

СҚО-да денсаулық сақтау қоймасынан мерзімі өтіп кеткен екпелер табылды

Арасында қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы екпелер болған.

Адам құқықтарын қорғау бағытында жасалған нақты қадамдар