Карантин: "Тобыр" VS "Элита"

Malim Админ

  • 25.03.2020

Қазақстанда азаматтардың билікке деген сенімі бұрыннан өте төмен. Бейбіт күнде сенімге пысқырмаған билік карантиннің кезінде өз сөзін әрбір азаматқа жеткізе алмай дал болып жатыр. Ең сорақысы, азаматтармен коммуникация жасай алмаған билік өкілдері оларға “тобыр” деп шаблон тағып, өз шарасыздығын ақтауға тырысып жатыр.

Өзін “элита” санайтын кей кісілер осында полицейлер мен дәрігерлердің еңбегін әнші мен вайнерлерді ғана тыңдайтын “тобыр” дұрыс түсінбей жатыр депті. Снобизмнің иісі шығатын бұл месседж “Ертең қырылып қалсаңдар, өздеріңнен көріңдер” дегенге келеді. Логикасы “сұмдық” элита өкілдеріне келесі сұрақтарды қойғым келеді:

Полицейлерді саяси режимнің күзетшісіне айналдырған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Полицейлерді азаматтардың қауіпсіздігіне бейжай қарап, “мусор” аталатындай деңгейге жеткізген “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Мұғалімдер мен дәрігерлерді саяси науқандарға пайдалану арқылы “құл” қылған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбегін “құлдың” еңбегіне теңеп, оларға күлкілі айлық төлеп келе жатқан “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Мұғалімдер мен дәрігерлерді “құлға” айналдыру арқылы біздің қоғамда оларды лузер қылған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Сөз бостандығын тұншықтырып, мемлекеттік телеканалдар арқылы әнші-пәншілерден культ жасаған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Әнші-пәншілерді Нұр Отанның партиялық тізіміне қосып, олардан саяси қайраткер жасаған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

“Salem Social”-ге миллиондарды құйып, вайнерлерден “ролевая модель” жасаған “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Елде бірде-бір тәуелсіз БАҚ қалдырмай, азаматтардың цензурасыз ақпаратты әлеуметтік желіден ғана іздейтін күйге жеткізген “тобыр” ма әлде “элита” ма?

Елдегі білім мен ғылымды және медицинаны конспирологияның жанында шарасыз күйге түсірген “тобыр” ма әлде “элита” ма?

P.S. Құдай бетін аулақ қылсын, әрине. Бірақ коронавирусты мыңдаған казақстандық жұқтыратын болса, “тобыр” мен “элита” болып бөлінудің көкесін сонда көреміз. Бөліністің көкесін онсыз да бәріміз жоламауға тырысатын мемлекеттік ауруханаларға бай-бағландардың, атқамінерлердің және “тобырдың” күні қатар түскенде көреміз. Қазір Ресейде мемауруханаларға сенбейтін және оларда емделмейтін байлар үйлеріне орнату үшін құны шамамен $22,500 тұратын ИВЛ аппараттарын жаппай сатып алып жатыр екен (Қазақстанда да олигархтар ИВЛ аппараттарын әлдеқашан үйлеріне орнатып қоюы да мүмкін). Эксперттердің айтуынша, ол аппаратқа науқастың күні түскенде оны аман алып қалу үшін "ИВЛ"-ді дұрыс пайдалана білетін мамандар мен тәжірибелі дәрігерлер керек. Яғни, сын сағатта сыртқа шыға алмай қалған байлар елдегі мықты дәрігерлерге “құда түсуі” мүмкін. Осылайша дәрігерлер этикалық таңдау жасаумен бетпе-бет келуі мүмкін… Қазіргі біздің дәрігерлердің жанкештілігіне қарап, әлі де болса ар-ожданын әділетсіз жүйе сындыра алмаған дәрігерлер елімізде көп деп сенемін.

P.P.S. Коронавирусты жеңудің қазіргі ең тиімді жолы – үйде отыру. Адамдармен оффлайн қарым-қатынас жасауды карантин біткенше тоқтату. Осындай қысылтаяң кезде жұртқа “тобыр” деп шаблон тағудың орнына “элита” өз күшін азаматтарға түсінікті тілмен коронавирусты жеңу үшін әрбір адам өз үлесін қосуы керек екенін, мемлекеттен мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек қалай берілетін түсіндіруге жұмсауы керек. Әйтпесе, 30 жыл бойы халықты “тобыр” көріп, логикаға мүлдем келмейтін ақыл айтудан бірнәрсе шықса, осы уақытқа дейін шығар еді ғой.

Шалқар НҰРСЕЙІТ, саясаттанушы

Жазба автордың рұқсатымен жарияланды!

Байланысты жаналықтар

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

18.03.2024

СШО: Билік Қаңтар оқиғасын саяси қарсылық ретінде мойындауы керек

11.02.2022

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

19.08.2021
MalimBlocks
Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

Олардың тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.

СШО: Билік Қаңтар оқиғасын саяси қарсылық ретінде мойындауы керек

Қазақстанда Саяси шешімдер орталығы құрылып, алғашқы отырыста сарапшылар Қаңтар оқиғасына баға берді. Онлайн жиынға LLM, PhD кандидат, гендерлік экономиканы зерттеуші, SDU оқытушысы Әйгерім Құсайынқызы, антрополог, PhD кандидат, Саяси шешімдер орталығының сарапшысы Динара Әбділда, зерттеуші (NARXOZ университеті), саяси экономика бойынша PhD Қайрат Молдашев, әлеуметтанушы, PhD кандидат, PaperLab зерттеу орталығының жетекшісі Серік Бейсембаев қатысты. Жоба модераторы - Шалқар Нұрсейітов.

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.