Жігіттер ертегі оқиды, қыз-келіншектер мен балалар мұқият тыңдайды!!!

Malim Админ

  • 25.03.2020

Malіm.kz  челленджге шақырады!

Бір апта үйден шықпай қалып, әйеліңіздің руын, балаларыңыздың жасын, оқитын сыныбын біліп алдыңыз ба? Балабақшаға барады деген балаңыз мектепте ме екен?))

Коронавирусқа қатысы фейк пен фейк еместерді қарай беруден шаршадыңыз ба? Youtube -тегі бар видеоны сапырылыстырып үлгердіңіз бе? Есік пен терезеге телміріп, байланған төбеттей боп қалдыңыз ба? Осының бәрінен өтіп алсаңыз, енді не істемексіз? Қамықпаңыз! Босқа жатпаңыз! Басыңызды көтеріңіз! Орныңыздан тұрыңыз да Malіm.kz сайтын ашып, Руханият бөліміне кіріп,  балаларыңызға  ертегі оқып беріңіз (Оқығыңыз келмесе,  дайын аудиосы бар, қосып беріңіз (сіз үшін басқа тағы не істей аламыз))).

Бұл ұсынысқа күлмеңіз. Осыған дейін балаңызға ертегі оқып беруге мүмкіндігіңіз болып па еді? Бірде жұмыстан шаршап келдіңіз, бірде даладан кеш қаңғып келдіңіз... Сөйтіп жүріп балаңызға ертегі оқыған емессіз, оған бәс  тігеміз.  Ал енді қазір сізде  үлкен мүмкіндік бар. Терезе сыртындағы дүние сізге, бізге байлаулы емес. Үйіңізде тыныш отырсаңыз болды, сізсіз, бізсіз де шешіледі. Ал сіз осы сәтті сәтті пайдаланыңыз. Malіm.kz сайтын ашып балаңызға, үйдегілерге ертегі оқыңыз. Неге ертегі дерсіз?

Өйткені адамзат ертегінің арқасында бар қиындықтан өткен. Ата-ана ертегі арқылы балаға мейірімін берген. Ертегінің арқасында бала әке-шешесін жақсы көрген. Ертегі баланың ой-өрісін кеңейткен, әлемнің есігін ашқан. Қазіргідей қиындықтарда сенім, күш-қуат берген. Ертегі арқылы бала ұлтының тілін, ана тілінің қадір-қасиетін түсінген. Ертегі тыңдамаған, ертегі оқымаған бала ана тілінен, сосын өзіңізден алшақтап қалады, осы есіңізде болсын!

Білеміз, «қазақша ертегі жоқ, барының жазуы нашар» дейсіз. Оныңыз бос сөз. Malіm.kz енді күн сайын, анығы карантин біткенше жатық, қарапайым қазақы тілмен жазылған қызықты әлем ертегілерін жариялайды. (Ғалым Доскеннің аудармасындағы ертегі «Алтын сырнаймен» бастаймыз).

Сонымен бізбен бірігіп Malіm.kz сайтынан күніне бір ертегі оқыңыз, оқып беріңіз. Оған әрі кетсе, 10-15 минут уақытыңыз кетер. Есесіне балаңызбен ғұмырлық дос боласыз! Бұ дүниеде одан өткен бақыт бар ма! Сонда қазіргі балалар ертегі тыңдамайды деген сөздің өтірік екеніне көзіңіз жетеді. Бәрі өз қолымызда. Malіm.kz сайтынан балаңызға ертегі оқып бергеніңіз  коронавирусты шаңырағыңа кіргізбей жеңгеніңіз! Олай болса бос жатпай, сілтемені бөлісіп, өзіңіз, балаңыз, отаныңыз үшін жақсылық жасаңыз!

Айтпақшы, оқып берген ертегіңіздің суретін балаңызға салдырып, бізге салып жіберуді ұмытпаңыз. Суретшінің аты-жөні мен жасын толық көрсетуіңізді өтінеміз.

Сонымен кеттік, «Алтын сырнай» (адыгей ертегісі) назарларыңызда.

Байланысты жаналықтар

"Кедей елдің мұғалімі" не үшін кешірім сұрады?

09.04.2020

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

19.02.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-тан асты

23.03.2020

Коронавирус: Зайсанда не болып жатыр?

20.02.2020

Америкадағы қазақ: медицина мешеу, бар амалы – қамап қою

17.04.2020

Карантиндегі Ақтөбеде 200 адам cенбілікке шықты

07.04.2020
MalimBlocks
"Кедей елдің мұғалімі" не үшін кешірім сұрады?

«Гарант 24 Ломбард» халықты алдап кетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-тан асты

Коронавирус: Зайсанда не болып жатыр?

Америкадағы қазақ: медицина мешеу, бар амалы – қамап қою

Карантиндегі Ақтөбеде 200 адам cенбілікке шықты