Әкім ата қарттар үшін алаңдайды

Олжас Қасым

  • 31.03.2020

Мәжілістегі 65-тен асқан депутаттар сақтанып үйде жатса, 66 жастағы Ахметов замандастары  үшін ат үстінен әлі түскен жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 325 адамға жетті. Жазылып шыққандар 22 болса, екі адам індеттен қайтыс болған.

Енді Шығыс Қазақстандағы қос қала Семей мен Өскемен де карантинге жабылатын болды. Ресми мәлімет бойынша ШҚО-да екі адам қауіпті індетке шалдыққан.

«Халықтың денсаулығын сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында, Мемлекеттік комиссиямен келісе отырып, Сіздердің ұсыныс, өтініштеріңіз бойынша, Өскемен мен Семей қалаларында, 2020 жылғы, 2 сәуірде, сағат 00.00-ден бастап, қосымша шектеулер енгізіледі.

Шығу және кіру шектеледі, 15 бақылау-өткізу пункті қойылады. Сонымен қатар, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу үшін "жасыл дәліз" ашылды», - деп жазды облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ фейсбук парақшасында.

Осылайша биыл Абай тойына дайындалған шығыс еліне де төтенше жағдай келіп жетті. Автокөлік қозғалысы күндіз шектетіліп, түнде тоқтатылатын болады. Қоғамдық көліктер де жүруін азайтады. 6-сәуірден бастап Өскемен мен Семей тұрғындары рұқсат қағаз арқылы ғана жүре алады. Қысқасы, тәртіп күшейіп, көп нәрсеге тыйым салынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша 65 жастан асқан адамдар үйден шықпау керек. Бұл сөзге тоқтаған мәжілістің 22 депутаты үйлерінен тырп етпей шықпай отырғанын МӘЛІМ КЗ сайты бұған дейін жазған болатын. Алайда, әкім Ахметов жұмыста. Әрине Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сөзін тыңдау-тыңдамау әркімнің өз шаруасы.  66 жастағы әкім жетпістен асқан замандастарына үйден шықпаңдар деп кеңесін беруде.

"Өскемен және Семейдегі, жасы 70-тен асқан жерлестеріме, бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйден шықпауларын сұраймын. 2 сәуірден бастап, азық-түлік, дәрі-дәрмекті үйлеріңізге жеткізетін боламыз. Ол үшін әлеуметтік маңызы бар, азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақ жасалды. Жеткізу аптасына бір рет тегін болады", - деді облыс әкімі. 

Фото: ernur.kz

 

Байланысты жаналықтар

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

04.07.2023

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

16.06.2023

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022
MalimBlocks
Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. 

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр