Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

Алмас НҮСІП

  • 31.03.2020

Білім және ғылым минстрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ 5 млн-ға жуық оқушылар мен студенттерді онлайн оқытуда қиыншылықтар болатынын мойындады. Ол бұл жайында онлайн брифингте айтты.

Ол «бұған дейін орта білім бойынша қашықтан оқыту болмаған, заңда да қарастырылмаған», деді. Жас министр «ауруын жасырған өледі» деп сөз бастап, бұған дейінгі техникалық дайындықтың нашарлығын, интернет платформаларының болмауын, ұстаздардың цифрлық сауаттылығының төмен екенін, интернет желісінің жеткіліксіз екенін ашып айтқанмен, әлі күнге «бұл менен бұрын осылай болған, менің кінәм жоқ» дейтін құлақ үйренген әуеніне басқысы келетін сияқты. Министрдің негізгі ләмі «ұйымдастырамыз», «атқарып жатырмыз» деген сипаттағы шығарып салма сөздерден тұрады.

...Қазірдің өзінде мұғалімдер мен ата-аналардың арасында дау туындап, тіпті, кейбір ата-аналар балаларын оқымаса оқымай қалсын деп, кінәні «жоғарыдағыларға» ысыра бастады. Бұл, әрине, күн сайын компьтермен жұмыс істеп жүрген, өзгелерден де өзі секілді «заманауи» болуды талап ететін кеңсе қызметкерлері үшін түсініксіз жағдай. Осының салдарынан әлеуметтік желіде «мұғалімдерге жаным ашиды», «мынадай сауатсыз адамдармен (ата-аналар) қалай жұмыс істеуге болады?!» іспетті түңілген сөздер айтылуда.

Бұл болуы заңды, күтілген нәтиже болатын. Бұлай болатынын бәрі білді, онлайн оқуға көшеді деген сөз шыққанда-ақ осылай болары белгілі болған. Елдің бәрі бірдей жеке интернет желісіне қосылмағаны белгілі, телефон арқылы қосылмақ болған біраз отбасылар «онлайн оқуға ақша кете ме не?» деп «жаңалық ашып», «жоғарыдағылардан» (болмаса мұғалімдердің өзінен) телефонына «2000 теңге салып беруін» талап етіп жатыр.

Ал,  министр Аймағамбетов мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы төмен екенін айтады. Сол «сауатсыз» мұғалімдер тез арада шала-пұла бірдеңені үйренген болып, енді ата-аналарға үйретіп жатыр. Жоғарыдағы дау осыдан туған.

«Қазақстан үшінші жаңғыруы» керек екенін айтып, тез арада цифрлануға бұйрық берген экс-президент Назарбаевтың жолдауынан кейін «Цифрлы Қазақстан» деген бағдарлама ойлап тауып жіберіп, жұмысын бастап кеткен үкіметтің басқа саланы қалай гүлдендіріп қойғанын қоя тұрып, орта білім беру жүйесінің цифрлануын алайықшы. Қазақстанда коронавирус проблемасы басталмай тұрып, өткен айда ғана Аймағамбетовтің өзі «кең жолақты интернеттің көп мектептерде төмен» екенін айтқан. «10 мбит дейді, барсаң, ондай жылдамдық жоқ. Егер төмен болса мектеп әкімдігі провайдерлерді сотқа беру керек. 4мбит жеткіліксіз. Оның барынан жоғы. Кімді алдап отырмыз?» деп өзі басқарып отырған салыны сынға алған «ауруын жасырмай» ашық айтқанды жақсы көретін жас министр.

Қысқасы, 5 жылға жоспарланған, 310 млрд теңге (141 – мемлекеттік бюджеттен; 169 млрд – квази мемлекеттік сектор) бөлінген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасынан онша көмек болмайтыны белгілі болды. Қазақстанда интернетсіз отырған ауылдарының саны мыңдап саналатыны, интернет бар деген ауылдардың өзінде жылдамдығының төмен екені осы өткен күзде ғана айтылған. 2017-ден бері «қолға алынғанына», «атқарылып жатқанына» қарамастан еліміздегі ауылдардың жартысын да интернетпен қамти алмай отырған «Цифрлы Қазақстанның» авторы үшін де, оған жауапты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ үшін де онлайн оқу абырой әпермейін деп тұр.

Онлайн оқу дегенде «Цифрлы Қазақстаннан» бұрын жұрттың жүйкесіне әбден тиген «e-learning» бағдарламасы еске түседі. 371 миллиард тенге жұмсалса да іске аспай қойған «е-learning» ең болмағанда мектептерді интернетпен қамтып, құрыды дегенде электронды күнделікті жолға қойып бере алмады. Бұл бағдарламаның 2011 жылдан бастап қолға алынғанын ескерсек (2020 жылы бүкіл Қазақстанды қамтуы керек болған) сонша жылда 100 шақты мектепке интернеттің мүлде бармауы, барды дегендерінің өзінде жылдамдығы нашар, әжетке жарамайтынын айтсақ, соншама миллиардтардың қайда кеткенін сұрайтын кез енді келген сыңайлы.

Сол кездегі президент Н.Назарбаев 2012 жылғы жолдауында «2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының 90 пайызы электронды білім беру жүйесіне көшеді» деп уәде берген. Алысты болжағыш ақсақал 2020 жылы онлайн оқуға мәжбүр болатынымызды білгендей-ақ айтқан екен. Бірақ, айтылған сөз айтылған жерінде қалды. Бюджет пен өзге де қаржы көздерінің 371 млрд теңгесін ұрттап алған бағдарламаны 2014 жылы-ақ «жауып тастау керек» деп мәселе көтеріле бастаған.

«Өлім бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген ащылау сөз интернет жылдамдығы бойынша 64 орында тұрған, өзінің спутнигі бар (!) Қазақстан жағдайында өзінің ақиқаттығын тағы бір дәлелдейін деп тұрған сияқты...

«Интернетпен қамтуды жергілікті әкімдіктер қолға алып жатыр» (!) депті білім-ғылым министрі. Қызық...

Айтпақшы, Аймағамбетов мектептегі компьютерлерді оқушыларға таратып беру туралы да айтыпты. Бірақ, ол осыдан бір ай бұрын ғана «2000-2005 жылғы компьтерлер бар, оны «списаниеге» жібермейді, өйткені статистика, есеп бергенге керек. Бұдан былай 5 жылдан аса пайдаланылғандарды компьютер бар деп есептемейік» деген. Ендеше, техникалық мүмкіндігі жоқ оқушыларға мектептің компьтерлерін таратып беру де мәселенің шешімі деп есептемейік...

Осы мәселелерді ескерсек, компьтерді жазу үшін, планшетті ойын үшін ұстайтын (болса, әрине) ата-аналар мен оқушылар онлайн оқуға дайын ба деген сұрақ орынсыз көріне бастайды.

Көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

04.01.2023

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

27.12.2022

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

Соған ашуы-ызасы туды ма екен?!

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.