Әкім келмейді: Ақтөбе тұрғындары он күннен бері азық-түліксіз отыр

Malim Админ

  • 08.04.2020

Ақтөбенің іргесіндегі ауыл тұрғындары он күннен бері не азық-түлік, не дәрі-дәрмекке шыға алмай отырғандарын айтады. Сөздерінше жергілікті билік ауылды 29 наурыздан бастап жауып тастаған. Содан бері әкіміміз халқының жағдайын білуге бір рет те келмеді деп ренжулі. Ашынған жұрт қалаға қарайтын елдімекенге не үшін блок пост қойылғанын түсінбей әлек.

Бұған дейін тек бірқатар шектеу қойылған Ақтөбе облысы толықтай карантинге жабылды. Одан бұрын-ақ оқшауланған ауыл мен қала арасындағы қатынастың үзілгеніне он күн болыпты. Ауылдың кіреберісіне қойылған блок пост ауылдан жан баласын шығармайды, не кіргізбейді дейді тұрғындар.

«29-нан бастап келді. 30 күні толық жауып тастады. Содан бері отырмыз. Ауылдан шыға алмаймыз, қамалып. Ауыл халқының талабы – мына постты бұтаққа қарай көшірсін. Өйткені біз қалаға кіреміз. Сонда біз еркін кіріп шығар едік», дейді Ақшат ауылының тұрғыны Әнуар ШҮЙІНШАЛИН.

Тұрғындардың  дәрі-дәрмекті айтпағанда үйлерінде де, ауылдағы екі дүкенде де азық-түлік таусылған. Он күннен  бері еріксіз қамалдық деген жұрт әкімерінің ауылға бір рет болса да бас сұқпағанына ашулы.

«Сельский деп бізді жауып тастап отыр. Ал сол сельскийді неге үкімет төлемейді? Әкім неге қарамайды? Бір келіп біздің жағдайымызды сұраған жоқ. Он күн болды міне, ауылдан ешқайда шыға алмай отырмыз. Пропуск сұрайды. Ана жерде отырғандар 5000 теңгемен кіргізіп шығарып жатыр дейді. Не масқара?! Ал біз шыдармыз, балаларымыз қалай шыдайды? Дәрі-дәрмекке де шыға алмай отырмыз», дейді Ақшат ауылының тұрғыны Күнсұлу ҚОРҒАНТАЙҚЫЗЫ.

Ал полицейлер блокпосттың не үшін ауыл іргесіне қойылғанын былай деп түсіндіреді:

«Бұл жерде өзіңіз көріп тұрғандай республикалық маңызы бар тас жол өтіп жатыр. Бұл жерден барлық танзиттік автокөліктер өтеді. Сол тразиттік көліктердің жүру маршруты бойынша қойылған блокпост. Қалаға кірмес үшін. Сырттан, басқа елдерден келе жатқан көліктер үшін», деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастығы Ардана САЙМАҒАНБЕТОВ.

Оқи отырыңыз: Карантиндегі Ақтөбеде 200 адам cенбілікке шықты

Көктем шыққалы ауылымызға бас сұқпады деген әкім жиналған жұрттың алдына өзі емес орынбасарын жіберіпті. Сөзінше мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаруа. Алайда шенеунік ауыл тұрғындарының арасынан қалаға азық-түлік пен керек-жараққа қатынайтын адам мен көлікті бөліп берсе, соларға анықтама беремін деп уәде етті.

«Бізде тек Ақшатта ғана емес, Өлке, Шилісай, осы үш жерде тұрғындарға шамалы қиындықтар туып отыр. Осы үш елді мекенге бөлек пропускілер дайындап жатырмыз, біздің әкімшілік арқылы алады. Ауылдың тұрғындары бірігіп азық-түлік тасуға 5-6 машина дайындаса, соған анықтама береміз», деді  Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ ДАРИН.

Бір қызығы, Ақшат ауылының әкімі Әділгерей ӘУЕЛБАЕВТЫ аудан әкімінің орынбасарының жанынан да көре алмадық. Тұрғындар, тіпті, бұл әкімді көктем шыққалы көрмеген. Ал, ауыл әкімінің қайда жүргені жайлы ауданнан келген орынбасар әкім де ештеңе айтпады.

Карантинге толықтай жабылған Ақтөбе облысының тұрғындары азық түлік дүкендері мен дәріханадан басқа еш жерге шыға алмайды. Облыс аумағын қатаң бақылау үшін 28 блокпост қойылыпты. Оның жетеуі қалада.

Жанар ҚОЖАНОВА

Фото автордікі

Байланысты жаналықтар

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

28.03.2024

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023

«Өзімді өртеп жіберемін». Астанада наразы азамат мұнара кранына шықты

24.04.2023

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

26.02.2023
MalimBlocks
Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.

«Өзімді өртеп жіберемін». Астанада наразы азамат мұнара кранына шықты

Жер дауы бойынша сот шешімімен келіспейді

Астана әуежайында шу шықты. Жолаушылар наразылық білдірді

Рейсті тоқтатып тастаған