Кәсіпкерлерге төтенше жағдайда қолдау  көрсетпек 

Malim Админ

  • 19.03.2020

Алматы қаласында жиһаз жасайтын шағын кәсіпкер Санат МАҚСАТҰЛЫ кешелі бері уайымдап, мемлекеттік органдардың таратқан ақпараттарын мұқият оқып отырғанын айтады. Оның сөзінше, мына төтенше жағдайда белгілі бір уақытқа дейін табыс таппайтынын түсінгенімен, кәсіпкерлікке қатысты есеп-қисаптарын қалай жүргізерін білмей алаңдайды.

–Жарияланған төтенше жағдайдағы мемлекеттің басты міндеттің бірі – ел тірегіне айналған кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті жаппай қолдау. Олардың қызметі мен тағдырын тығырыққа тіремеуі керек – дейді кәсіпкер.

Ресми орындар әлбетте, Санат секілді жүздеген мың кәсіпкердің талаптары мен тілектерін түсінетіндерін және оларға барынша қолдау көрсететіндерін айтады. Мәселен, мемлекеттік кірістер комитеті осы бағытта атқармақ жоспарларын жариялады.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тө­тен­ше жағ­дай­дың жариялануы заңды және жеке тұлғаларға дек­ларация тапсыру мерзімімен сәйкес келгендіктен, оны 30 күн­тізбелік күнге кейін­ге шегеру шешімі қа­был­данған.  Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлер салықтарын шарттағы мерзімінде төлей алмаса, қарыздарын ке­йінге шегерсе, оған өсімпұл есеп­тел­мейді. Ал мұндай жеңіл­дікті алу үшін кепілзат не­месе банкке кепіл қою ережесі де жақын күндері өзгермек.

Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезін­де каме­ралды бақылау қоры­тын­ды­сы бойынша хабарламалар жіберу тоқтатылмақ. Нысан­дар­ға барып, кедендік және са­лықтық тексерістер жүр­гізу азайтылады. Әкімшілік жа­­уап­кершілікке тарту мәсе­лесі төтенше жағдай мерзі­мі аяқ­талғаннан кейін қарас­ты­­­­рылмақ. Сосын, жұмыс берушілер наурыз айында төлеген жалақының са­лы­ғын кейінгі айларда төлей алады.

Айта кететіні, төтенше жағдай басталмай тұрып-ақ, мемлекет жаппай кәсіпкерлікке, шағын және орта бизнеске қатысты салық саясатын жетілдіріп келген. Мәселен, ресми мәліметтерге қарағанда, 2018 жылы  салық төлеушілер 4,5 трлн теңгенің салығынан босатылды. 2019 жылы да осындай мөлшерде салықтық жеңіл­дік­тер жасалды. Ал 2020 жылдың басында арнайы салық режімі жарияланып,  арнайы есеп жүргізетін  микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылға салық төлеуден босатылып, оларды тексеруге мораторий жария­ланған болатын.

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы

27.04.2020

Ата кәсіп – берекенің бастауы 

16.05.2020

Салық жеңілдігі: кімге не пайда?

03.02.2020

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

19.01.2021
MalimBlocks
Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы

Ата кәсіп – берекенің бастауы 

Салық жеңілдігі: кімге не пайда?

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз