ASSYLTAS 200 отбасыға жәрдемдеседі

Malim Админ

  • 13.04.2020

ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған 200 отбасыны іріктеп алып, 25 000 теңгеден қаржылай көмек үлестірмек. Олар көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар және әкелер.

3 күн бұрын қордың бастамасымен қайырымдылық акциясы басталып, халықтың көмегі арқылы 1 236 768 теңге жиналған. Қаржы жинауға 351 адам жәрдемдескен. Бастапқыда уәде етілгендей, ASSYLTAS қоғамдық қоры жиналған қаржыны екі еселеп, тағы 100 отбасыға көмек қолын созатын болды.

«Үш күн бұрын біз бұл акцияны бастаған кезде қанша ақша жиналса, үстіне сонша қаржы бөлетінімізді айтқанбыз. Халықтың ықыласы кең екен, қайырымды жандардың арқасында біз енді міне 100 отбасыға көмектесе аламыз, өтініштердің көптігіне байланысты қор құрылтайшысы Дулат Тастекеевпен кеңесе келе, біздің қор тағы 100 отбасыға қаржылай көмектеспек. Яғни, 200 отбасыға 25 000 теңгеден үлестіреміз»,- деді ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Р.Оқас. 

Көмек алу үшін қоғамдық қордың электронды поштасына 1000-нан астам хат келіп түскен. Қор қызметкерлері алдағы 3 күнде өтініштерді қарастырып, мұқтаж 200 адамның тізімін жасайды.

Айта кетейік, ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы құрылған. Қор мәдениет, өнер, спорт салаларын қолдаумен, көпбалалы аналарға жәрдем көрсетумен айналысады. Аталмыш қор, Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, Ерасыл Қажыбаев сынды танымал спортшылардың демеушісі болған. Жыл сайын қордың ұйытқы болуымен республикалық ақындар айтысы өткізіліп жүр.

Екі жылдан бері ASSYLTAS стипендиясы спорт, ғылым, журналистика және әдебиет саласында жүрген азаматтарға тағайындалуда.Қазіргі таңда, қордың қаржыландыруымен Семей қаласындағы Орталық мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды