Журналистер дым түсінбейді

Malim Админ

  • 23.04.2020

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтқан сөзінің бұрыстығына журналистерді жазықты етіп шықты.

«Масканы тағу талабын орындап, оны тағу керек. Бүкіл әлемде сондай. Бірқатар БАҚ маска тағу қажет емес деген сөзімді таратыпты. Мені дұрыс түсінбеген. Маска тағу керек және осы талапты орындау шарт. Бұл профилактиканың негізі», - деді Алматы қалалық тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің басшысы Facebook желісінде.

Ал бір күн бұрын Бекшин тікелей эфирде бүй деген еді:

«Масканы жабық ғимараттардың ішінде тағуға кеңес беремін. Көшеде маска тағып, шығындалмайық. Бізде бірқатар тапшылық бар, азаматтарға жетпейді дегендей. Ал біз көшеде тағып, вирустың көбеуіне қолайлы ғып ылғалдап, пайдасыз етіп жүрміз».

Жалпы, медициналық маскаға келгенде шенділер екі сөзді. Мәселен, коронавирус «наконец-то» келген шақта Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Динагүл Баешова астанадағы баспасөз жиынында алты алашқа былай деген: «Коронавирус ауада ұшып жұғатын ауру емес. Ал медициналық маска ауру адам түшкірген кезде сілекейін шашпауы үшін және науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге керек. Егер ауырған, түшкірген адамға өте жақын тұрсаңыз, медициналық масканың еш көмегі жоқ».

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріпте баспасөз мәслихатында медициналық масканың ауру адам түшкірген кезде сілекейін шашпауы үшін және науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге ғана керектігін мың бір мәрте қайталап айтқан еді.

Енді, қарасақ, шенеуніктердің сөздері біріне бірі керағар, бәріне маска тағу керек екен.

Төтенше жағдайда журналистерге жалған ақпарат таратып, жауапқа тартылып жатқан медшенеуніктер де жоқ. Ал мұндайда Бекшинмен келіспеске амалың қалмайды. Кеше елдің, бүгін Алматының бас санитары дұрыс айтады: журналистер дұрыс түсінбейді.

Айтпақшы, елдің бас дәрігері Елжан Біртанов Қазақстанға коронавирус келмей тұрғанда сақадай-сай дайынбыз деген еді. Бүгінде тек Алматы қаласында 700-ден астам тұрғын коронавирус жұқтырды. Ал олардың тең жартысы (!) медқызметкерлер(!). Біртановтың бар дайындығы осы екенін де дұрыс түсінбеппіз.

 

МАҚАЛАНЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Бекшин зейнетке шықпақ

24.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Бекшин зейнетке шықпақ

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой