Әкім Әбдіқалықова карантин тәртібіне бағынбай жүр

Malim Админ

  • 27.04.2020

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері Әлия ӘБДІҚАЙЫМОВАНЫҢ №10 қаулысының жарияланғанына да он шақты күн болды. Карантиндік шараларды күшейту туралы бірнеше тармақтар мен тармақшаларға бөлінген қаулыда  аймақ тұрғындарының барлығына бірдей жүріп-тұру ережелері жазылған. Ал мұны бұзған қарапайым тұрғындар ғана заңмен жазаланып жатыр. Бірақ, бір қызығы, бас санитардың бекіткен кейбір тәртібіне аймақ басшысы бас имейтін сияқты.

Мәселен, №10 қаулының 12-пунктінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуға шектеу қою туралы жазылған.

Ал Гүлшара  ӘБДІҚАЛЫҚОВА бұл тәртіпті елемей,  айналасына топырлаған ақ жағалыларды жинап, далаға дән сеуіп жүрген суреті кеше ғана әлеуметтік желіде жарияланды. Әкім Сырдария ауданына барып дән сепкенімен ғана қоймай, шара ұйымдастырып, біраз шаруашылық өкілдерімен де кездесіп келіпті. Сонда төтенше жағдайға байланысты көпшілік жиналатын жиындарға тыйым салынғаны қайда қалды? Цифрлі Қазақстанда әкім ханымға онлайын жұмыс істеуге болмай ма?

Әкімнің карантин кезінде айналасына топтап адам жинағаны бұл тек бірінші рет емес екен.  Өткен аптада эпидемиологиялық ахуалы қиын, коронавирус жұқтырған тұрғындары көбейіп кеткен Жаңақорған мен Шиелі аудандарына барып қайтты. Гүлшара Әбдіқалықова бұл сапарында да үш адамнан артық жиналуға болмайды деген  тәртіпті тәрк етіпті. Оны облыс әкімдігі Facebook парақшасына жариялаған суреттерден-ақ анық аңғаруға болады.

Осы кезге дейін әкімнің топтап адам жинап жүрген суреттері желіде толып тұрса да, ол үшін аймақ басшысының да, қасындағылардың да әлі әкімшілік жазаға тартылмағаны анық. Бірақ облыс бойынша полиция департаменті "карантин тәртібін орындамады" деп 952 қарапайым тұрғынға шара қолданыпты.

Фотоларды автор ұсынды. 

Абай НҰРЖАНҰЛЫ. 

Байланысты жаналықтар

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

07.03.2024

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

28.10.2022

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

11.10.2022

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

07.04.2022
MalimBlocks
Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат расталды.

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қарапайым азаматтардан қорқытып ақша, мүлік тартып алған

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.