Жаңа заң: Митингіде күш қолдануға болмайды

Malim Админ

  • 27.04.2020

«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы  мәжілістен сенатқа жеткен-ді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген құжатты қарауға Сенат депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ жауапты болды. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы халықаралық тәжірбиеге сүйене отырып жасалған дейді сенатор Еңсегенов.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда бекітілген бейбіт және қарусыз жиналу, пикетке шығу, митингіге шығу, демонстрация, шеру өткізу кезінде туындайтын қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Аталған заң жобасы әзірленгенде халықаралық тәжірибелер мұқият зерделеніп, ескерілген. Заңда бейбіт  жиналыстары ұйымдастырумен өткізудің негізгі қағидаттары белгіленген. Олар біріншіден заңдылық, бейбіт жиналысқа азаматтардың қатысуының еріктілігі. Бейбіт жиналыс кезінде күш қолданбау сипатында болу. Және тараптардың жауапкершілігі. Мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету», -деді сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.  

Айта кетейік, бұл заң жобасы  парламенттің жоғарғы палатасының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде қаралған. Отырыс комитет басшысы сенатор Владимир ВОЛКОВТЫҢ төрағалығымен өткен еді. Комитет басшысы бұл жаңа заң азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диологтыі жаңа тетіктерін дамытатынын айтты.

«Бұл заң жобасында бейбіт жиналыстар түрлерін өткізуге қатысты нормалар белгіленген. Яғни пикетке шығу, жиналыс және митингі өткізу үшін жергілікті атқарушы биліктің келісімі қажет етілмейді. Бұл бейбіт нысандар түрлерін өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдарға хабарлама ғана жолданады. Ал митингі және шеру өткізу үшін жергілікті органдарға келісім алу үшін өтініш беріледі. Заң жобасында бұл бейбіт жиналыстарды өткізуге қатысты хабарлама, өтініш беру және оларды қарау мерзімдері нақтыланған. Сонымен бірге өкілді органдар бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы жерлерді белгілеуі қажет. Және ол орындар елді мекендердің шетінде емес, орталықтарда болу қажеттілігі заңда нақты жазылған. ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру  және өткізу тәртібі туралы заң жобасына қосымша ілеспе заң дайындалған. Бұл ілеспе заңда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізуді көздейді. Яғни үш кодекс пен сегіз заңға өзгерістер еңгізілген», - деді сенат депутаты Еңсегенов.

Қазақстанда өткен митингілерде құқық қорғаушылар тарапынан полиция қызметкерлеріне бір қатар сындар айтылған еді. Енді жаңа заң жобаға сәйкес шерушілерге күш қолдануға тыйым салынады. Және митингі өткізуге ынталы адамдар жергілікті билік өкілдерін тек ескертеді. Егер олардың тарапынан жауап болмаса ол рұқсат бермейміз деген сөз емес.

Былтыр 2019 жылы өткен президенттік сайлаудан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «бейбіт жиын туралы» заң жобасын әзірлеу керектігін тапсырған болатын.

Сағыныш НАЗАРОВА

Фото: parlam.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

11.04.2024

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

03.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024
MalimBlocks
Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды