Бір Әбдіқалықова келді, бір Әбдіқалықова кетті

Malim Админ

  • 07.05.2020

Бір айда талай кадрды ауыстырып тастады.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Қызылорда облысына әкім болып келгеніне бүгін тура 40 күн болыпты. Ел тарихында алғаш облыс басқарған әйел әкімнің бұл қызметке келген күнінің өзі  сыр елінің есінде қалатыны анық. Өйткені 28 -наурызда Әбдіқалықова әкім болып тағайындала сала, аймақта ең алғашқы коронавирус жұқтырған тұрғын анықталды.

Әбдіқалықованың алдында Қызылорда облысын Қуанышбек  ЫСҚАҚОВ  басқарды. Бірнеше жыл Көшербаевтың орынбасары болып келген Ысқақов  бір жылға жетпей, үлкен көлемде ақша жымқырды деген күдікпен ұсталып қызметін сәтсіз аяқтады.

Ал Гүлшара Әбдіқалықова келген соң бір аптадан кейін-ақ  айналасына өзі қалаған жандарды  «жұмсақ креслоларға»  жайғастыра бастады. Мәселен 6-сәуірде Әбдіқалықованың өкімімен облыс әкімінің екі орынбасары Серік АХМЕТОВ пен Серік СҮЛЕЙМЕНОВ бірден  тағайындалды.

Одан соң әкімнің аппарат басшысына Ерлан РАЙҒАНИЕВТІ  орынбасарымен бірге жаңадан тағайындады.

Сонымен қатар төрт басқарманың жаңа басшылары да креслоларына жайғасты. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасына Сейілбек НҰРЫМБЕТОВ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментіне Мұрат ТІЛЕУІМБЕТОВ, білім мен дене шынықтыру және спорт басқармаларына Ақзира ҚАСЫМОВА мен Жақсылық ОСПАНОВ бастық болды.

Жаңадан тағайындалған басшылардан Тілеуімбетов, Нұрымбетов, Оспановтар бұрын өздері  ісетеген басқармада орынбасар болған еді.

Жаңа аймақ басшысының баспасөз хатшысы да жақында қызметтен кетті.  Басшылық қызметтен кеткендердің арасында Әбдіқалықованың туған сіңілісі де бар. Осы кезге дейін қалалық білім бөлімін басқарып келген Меруерт ӘБДІҚАЛЫҚОВА әпкесі облыс әкімі болып келгеннен кейін өз еркімен қызметінен кеткен. Меруерт НАУШАҚЫЗЫ былтыр 2019 жылдың мамыр айында ғана Қызылорда қалалық білім бөлімінің бастығы  жұмысын бастаған еді.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

 

Байланысты жаналықтар

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

07.03.2024

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

28.10.2022

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

11.10.2022

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

07.04.2022
MalimBlocks
Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат расталды.

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қарапайым азаматтардан қорқытып ақша, мүлік тартып алған

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Жалғыз әйел әкім орнынан кетті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.