Жеке кәсіпкер табыс салығын төлемейді

Malim Админ

  • 03.04.2020

Президенттің төтенше жағдай кезіндегі шағын және орта бизнесті, жаппай кәсіпкерлікті барынша қолдау тапсырмасы несие, салық пен бюджет саясатын өзгертіп, толықтырып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мəслихатында Ұлттық экономика министрлігі өкілдері кәсіпкерлерді жаңа ережелермен таныстырды.
Вице-министр Жасұлан Мәдиевтің айтуынша,  «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасында бизнестің мүмкіндігін барынша дамыту үшін салалық шектеулер алынып тасталған. Ал кәсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері бұрын 2,5 млрд теңге болса, енді 7 млрд теңгеге жеткен.

Президент тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының талаптары да толығып, өзгерген. Мәселен, жобаларды несиелеу мөлшері 400 млрд теңгеге, яғни, 1 трлн теңгеге артқан. Бұл сомадан 700 млрд теңге ауыр өнеркәсіп кешендеріндегі қайта өңдеу мен өндіру саласына, 300 млрд теңге өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсетуге  берілмек.  Ал көктемгі егіс жұмыстарына 100 млрд теңге жіберілмек.

Ұлттық экономика вице-министрі жаппай кәсіпкерлікті қолдауда  қаржылық көмектен бөлек жеңіл салық саясаты жүзеге аспағын айтып өтті. Жеңіл салықтың шапағаты саудадан бастап, туристік бизнеске дейінгі түрлі салаларға бұйырмақ. Мәселен, осы жылдың соңына дейін ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, тетарлар, көрмелер мен спорттық нысандар, қоғамдық тамақтандыру, қонақүй және туристік қызмет мүлік салығын төлемейді. Яғни, босатылады.

Сондай-ақ, жалпыға ортақ ережемен салық төлеп келген жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды. Ауыл шаруашылығында мүйізді ірі қара бағатындарға, асыл тұқымды балапан өсіретіндерге қосымша құн салығы салынбайды.  Жер емген дихандар жер  салығын төлемейді.

Салықтық әкімшіліендіру бойынша, 2020 жылғы 1 маусымға дейін шағын және орта бизнес үшін барлық салықтар мен міндетті төлемдер кейінге шегірлмек.

Атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып өткен Ұлттық эконмика вице-министрі алдағы күндері салық пен басқа да төлемдерден босатылатын барлық қызмет түрлерінің нақты тізіміне қатысты Үкімет қаулысы шығады деді.

Байланысты жаналықтар

Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?

12.05.2020
MalimBlocks
Жаңа салық саясаты: Кімге пайда, кімге шығын?