Салықтан босату қаулысы жарияланды

Malim Админ

  • 20.04.2020

Сәуірдің басынан бері айтылып келген жеңілдетілген салықтар мен әлеуметтік төлемдерге қатысты бүгін үкімет арнайы қаулы қабылдады.

2020 жылғы 20 сәуірдегі үкіметтің № 224 қаулысы бойынша, енді кәсіпкерлер төлейтін салықтың көлемін «0»-ге теңеседі. Бұрын-соңды болмаған бұл жеңілдік төтенше жағдай мен карантин қыспағынан кәсіпкерлерді құтқару үшін мемлекет басшысының жарлығымен арнайы қабылданып отыр.

Сонымен, № 224 қаулының не көздейтінін қысқаша шолып шығайық.

Біріншіден, биылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін шағын және орта бизнес субъектілері салықтан және еңбекақы төлеу қорынан алынатын әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) босатылды.

Сауда, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй нысандары, көлік және консультациялық қызмет көрсету және ІТ саласын қосқандағы қызмет түрлерінің толық тізімі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген. Бұдан басқа биылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін жекелеген ірі кәсіпкерлік субъектілері жеңілдіктерді қолдану үшін зардап шеккен салалар бойынша қызмет түрлерінің тізбесі анықталды.

Екіншіден, әуе қатынасы саласында инфрақұрылымды қолдау және жұмыс орнын сақтау мақсатында ұшулар тоқтатылған кезеңде ынталандыру шаралары қабылданды: барлық әуежайлар 1 сәуірден 1 қазанға дейін мүлік салығынан босатылып, жыл соңына дейін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және лизингтік мәмілелерді заңдық сүйемелдеу бойынша бейрезиденттер үшін қосылған құн салығын төлеу ұзартылды.

Үшіншіден, осы жылдың 1 қазанына дейін жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылар, медиаторлар) мүлік салығынан босатылды. Бұдан бұрын ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, спорттық нысандар, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, туристік қызмет нысандары жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылған болатын.

Төртіншіден, індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылған жұмыскерлер барлық салық түрлерінен және еңбекақы төлеу қорының әлеуметтік төлемдерінен босатылды.

Бесіншіден, салық төлеушілерге қолайлы болу үшін 2019 жылғы салықтық міндеттемелер есебі нысанын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды.

Байланысты жаналықтар

«Scat» әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

13.03.2024

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

11.03.2024

Салық органының қызметкері тұрғындарға микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып отырған

11.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024

Алматы әкімдігі уәдесінен тайқыды

20.02.2024
MalimBlocks
«Scat» әуе компаниясы жалға алған аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

Авиакомпания жер учаскесін пайдаланғаны үшін бюджетке салық төлемеген.

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

Осылайша мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

Салық органының қызметкері тұрғындарға микро-несие рәсімдеп, өзінің шотына аударып отырған

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

Алматы әкімдігі уәдесінен тайқыды

Кеше халықпен кездесу өтуі керек еді